Ресурспен қамтамасыз етілуі – табиғи ресурстардың мөлшері мен оларды қолдану мөлшері арасындағы ара-қатынасы. Жылдарға жеткілікті берілген ресурстардың мөлшерімен немесе, халықтың жан басына шаққандағы қорларымен анықталады.
Ресурстың шекті табыстылығы –берілген ресурстың қосымша бірлігін қолдану есебінен болатын фирма табысының өсімі.
Ресурстың шекті шығындары – берілген ресурстың қосымша бірлігін қолданудың есебінен болатын фирма шығындарының өсімі.
С
Салықтар – заңнамалық актілермен анықталған шарттар мен тəртіптемемлекеттікбюджеткежəнебюджеттентысқорларғатөленетін міндетті төлемдер.
303
Салықтық есептеме – салық төлеуші салық органдарына табыс етілетін, салықтық міндеттемелерді есептеу туралы ақпараты бар құжаттама.
Салықтық емес түсімдер – Қазақстан Республикасының Салықтық кодексінде белгіленген, негізгі капиталды, гранттарды сатудан түсетін түсімдерге жатпайтындардан басқа, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде белгіленген бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ, ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша.