Пайда – сөздің кең мағынасында бұл алынған пайда мен жұмсалған шығындар арасындағы айырма; тар мағынада – нақты капиталдан түсетін пайда.
Пайда нормасы (рентабельділік деңгейі)– пайданың қолданылатын капиталға қатынасы ретінде есептелетін капиталдың қызмет ету тиімділігінің маңызды көрсеткіші.
Пропорционалды салық салу– салық базасының мөлшеріне тəуелсіз салықтың бірдей мөлшерлемелерін қарастыратын салықтың түрі.
Р
Резервтік валюталар – халықаралық есеп айырысуларда кеңінен қолданылатын ұлттық валюталар.
Резиденттер – берілген мемлекетте тұрақты мекен-жайы бар мемлекеттің жеке тұлғасы (оның ішінде уақытша мемлекеттен тыс əрекетететінтұлға);берілгенмемлекеттеорналасқанмемлекеттіңзаңды тұлғалары; кəсіпорындар мен ұйымдар – мемлекеттен тыс орналасқан, мемлекеттің заңына сəйкес құрылған заңды емес тұлғалар; мемлекет-тен тыс орналасқан дипломатиялық жəне басқа да өкілеттіктер; мемле-кет резиденттерінің өкілеттіктері мен шетел филиалдары.
Рента – мөлшері табиғи ресурстарына қатаң шектеулі меншікті жүзеге асырудың нысаны.