Оқулық Алматы, 012 ббк 65. 29 К 68


Негізгі қорлардың мазмұны, құрамы, құрылымына сипаттама жəне оны бағалау



бет40/179
Дата07.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#96156
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   179
Байланысты:
mihel-korporativtik-karjy

6.1. Негізгі қорлардың мазмұны, құрамы, құрылымына сипаттама жəне оны бағалау

Бухгалтерлік есептің əдістемелік нұсқауларына сəйкес негізгі қорларға 1 жылдан астам уақыт қызмет ететін жəне құны 50 АЕК-тен жоғары материалдық активтер жатады деп көрсетілген.


Негізгі қорларға:

– жылжымайтын мүлік, жер телімдері, ғимараттар, құрылыстар, жермен тығыз байланысты көп жылдық егілімдер;


– жылжымалы мүлік, көлік құралдары, құрал-жабдықтар, өндірістік жəне шаруашылық құралдар, ірі жұмыс жəне өнім малы, арнайы құралдар жəне т.б. жатады.


Негізгі қорлар бастапқы құны бойынша, яғни сатып алынған, дайындалған немесе құрылыс құны бойынша бағаланады. Негізгі қорларды іске қосу барысында олар тозады жəне амортизацияға жатқызылады, яғни қызмет ету мерзімі барасында олардың құны шегеріліп қайта қалпына келтіріледі. Бастапқы құн да, қалпына келтіру құны да негізгі қорлардың баланстық құны болып табылады. Инфляциялық үрдіске байланысты негізгі қорлардың нақты құнын анықтау мақсатында кəсіпорындар негізгі қорларды қайта бағалауды жүзеге асырады, сондықтан əр 4-5 жыл сайын жылдың бірінші күні кəсіпорындар негізгі қорларды өзідігінен қайта бағалауы қажет. Негізгі қорлардың құрылымы кəсіпорынның қызмет ету саласына байланы-сты. Негізгі қорлардың жағдайы туралы оларды іске қосу мен оларды істен шығару коэффициенттері арқылы шешім қабылдауға болады.


Негізгі қорларды пайдалану тиімділігі құндық көрсеткіштермен анықталады:


1) қор қайтарымдылығы – өткізілетін өнім соммасының негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құнына қатынасы ретінде анықталады;


2) қор сыйымдылығы – қор қайтарымдылығына қарама-қарсы көрсеткіш. Негізгі қорлардың орташа жылдық құнының өткізілген өнімнің құнына қатынасы ретінде анықталады;


3) қормен жарақтандырылу– негізгі қорлардың орташа жылдық



98


құнының жұмысшылардың орташа санына қатынасы ретінде анықталады.

Негізгі қорларды қолдану тиімділігінің маңызды факторлары: ауыспалылық коэффициентінің жоғарлауы, жаңа технологияларды енгізу,жоспардантысқұралдардыістеншығару,ескіргенқұрылғыларды жаңарту жəне модернизациялау, өнімнің еңбек сыйымдылығының төмендеуі, ақауларды жою жəне т.б.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   179




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет