Оқулық Алматы, 012 ббк 65. 29 К 68


Негізгі капиталды инвестициялау ұғымы, түрлері жəне инвестициялық үдерісті қаржыландырудың көздері



бет41/179
Дата07.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#96156
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   179
Байланысты:
mihel-korporativtik-karjy

6.2. Негізгі капиталды инвестициялау ұғымы, түрлері жəне инвестициялық үдерісті қаржыландырудың көздері

Негізгі қорлардың ұдайы жаңғыртылуын инвестициялау арқылы жүзеге асырылады.


Инвестициялар – компанияның активтерін жəне табыстарын арт-тыру мақсатындағы ұзақ мерзімді қаржы шығындарының, еңбек жəне материалдық ресурстарының жиынтығы.


Инвестициялар мыналарға бөлінеді:
– тікелей;
– қаржылық;
– енчурлық.

Тікелей инвестициялар – өндірістік жəне өндірстік емес арналымдағы негізгі қорларды құруға жəне ұдайы өндіріске салынған салымдар. Тікелей инвестициялар негізгі қорларды салу, кеңейту, ма-шиналар, құрал-жабдықтар, көлік құралдарын жəне т.б. сатып алу арқылы жүзеге асырылады. Жоғарыда аталғандардың барлығы капи-тал салымының құрылымы ретінде қарастырылады.


Қаржылық инвестициялар шығындары басқа кəсіпорындардың жарғылық қорына үлестік қатысуы арқылы бағалы қағаздар портфелін қалыптастыру болып табылады.


Венчурлық инвестициялар – салынған қаражаттардың жылдам өтемділігіне есептелген қаражаттар. Тəуекелді капитал салымда-ры тəуелсіз кіші инновациялық фирмаларды қаржыландыру жаңа технологияларға байланысты зеттеулер жүргізу барысында орын ала-ды.


Инвестициялық қызметтің субъектілеріне: инвесторлар, тапсы-рыс берушілер, жұмыс орындаушылары, инвестициялық қызмет объектілерін пайдаланушылар, қаржылық сипаттағы заңды тұлғалар, соның ішінде шетелдік заңды тұлғалар да, сондай-ақ мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар жатады. Инвесторлар меншікті, қарыз жəне тартылған қаражаттарын инвестиция салымдары ретінде жүзеге асы-рады жəне олардың мақсатты пайдалынуын қамтамасыз етеді.


Инвестициялық қызметтің объектілері: барлық экономика сала-ларында қайта құрылған жəне модернизацияланған негізгі қорлар, бағалы қағаздар, мақсатты ақша салымдары, ғылыми техникалық өнім



99


жəне басқа да меншік объектілері, мүліктік құқықтар жəне интеллекту-алды меншік құқықтары болып табылады.

Мемлекет инвестициялық үрдістерді реттейді, ынталандырады жəне арнайы даму институттарын құрады:





  1. Ұлттық Инвестициялық Қор – ұлттық экономиканың барлық са-лаларын қолдау жəне дамыту мақсатында;




  1. Ұлттық Инновациялық Қор – инновациялық жобаларды ынта-ландыру мақсатында;




  1. Мемлекеттік Сақтандыру Компаниясы – тауар мен қызметтер экспортын қолдау, саяси жəне реттеуші тəуекелдерді сақтандыру мақсатында;




  1. Қазақстанның Даму Банкі – экономиканың шикізаттық емес секторында қызмет ететін кəсіпорындарды кредиттеу көлемін ұлғайту мақсатында.

Мемлекет келесі инвестициялық преференциялар арқылы инвестициялық үдерісті реттейді жəне ынталандырады:





  1. Инвестициялық салықтық преференциялар – тіркелген активтерді инвестициялау көлеміне байланысты анықталатын 5 жылдан төмен мерзімге беріледі.




  1. Кеден баждарынан босату – бір жыл ішінде импорттық құрал-жабдықтар бойынша жүзеге асырылады.




  1. Мемлекеттік заттай гранттар – инвестициялаудың 30% мөлшерінде жүзеге асырылады.

Инвестицияларды қаржыландырудың көздеріне меншікті, қарыз жəне тартылған қаражаттар жатады.


Қаржыландырудың меншікті көздеріне амортизация – қызмет ету мерзімі ішінде активтердің амортизациялық құнын жүйелі қайта бөлу сипатындағы тозудың құндық сипаты.


Амортизациялық аударымдардың əдістері:


а) бірқалыпты əдіс (құнды тікелей есептен шығару);
ə) құнды орындалған жұмыстың көлеміне пропорционал түрде есептен шығару əдісі (өндірістік əдіс);

б) жеделдетіп есептен шығару əдісі:


– қалдығын азайту жолымен есептен шығару;
– құнын сандардың жиынтығы бойынша ( кумулятивтік əдіс) есеп-тен шығару

Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны бірқалыпты (түзу сызықты) есептеу əдісі оның пайдалы қызмет уақытына жəне салықтық заңнамамен бекітілген амортизацияның шекті нормасына негізделген.


Мысалы: активтің бастапқы құны 30000 теңге, жойылу құны 3000 теңге, активтің қызмет ету мерзімі 12 жыл.


А= (30000-3000)/12=2250/12=187.5.


Амортизацияны есептеудің өндірістік əдісі негізгі құралдарды іске

100


қосудың техникалық көрсеткіштерімен ғана шектеледі, Мысалы: ксе-рокс 500000 көшірме немесе 10000 сағат жұмыс жасай алады. Оның бастапқы құны 12000 тг, жойылу құны 1000 тг , онда:

А=(12000-1000)/500000=0.22 көшірме х 110000=2420/12ай=201,67 – айлық амортизация.


А=(12000-1000)/10000=1.1т/сағ х 1900=2090/12ай=174,17– айлық амортизация.


Жеделдетілген амортизация:

  1. Қалдықты сандардың жиынтығы бойынша (кумулятивтік əдіс) есептен шығару əдісі есептік коэффициентті анықтаудан тұрады, мұнда бөлгіш пайдалы қызмет жылдарына, ал бөлінгіші кері реттегі қызмет ету мерзімінің соңына дейінгі жылдар санына тең.

Мысалы:дизельдікқұрылғыныңқызмететумерзімі5жыл.Бастапқы құны 10000 теңге, жойылу құны 1000 теңге, онда коэффициентінің бөлгіші 15 (1+2+3+4+5) тең болады, 15 кумулятивті сан болып табыла-ды. Əр жылдың есептік коэффициенті 5/15, 4/15, 3/15, 2/15, 1/15 тең.





Ж ыл реті

Амортизациялық

Кумулятивті

ко-

Амортизацияның




құны

эффициент




жылдық сомасы

1

9000

5/15




3000

2

9000

4/15




2400

3

9000

3/15




1800

4

9000

2/15




1200

5

9000

1/15




600

10000-1000=9000 амортизациялық құн.


Қалдығын азайту жолымен есептеп шығару əдісінде аморти-зация нормасы екі еселенеді жəне əрқашан тек қалдық құнға ғана қолданылады. Мысалы, активтің бастапқы құны 10000 теңге, жойылу құны 1000 теңге. Тұрақты амортизация нормасы 20% (тікелей əдісте), онда жеделдетілген амортизацияда коэффициенттің 2 екенін ескерсек, бұл норма 40 % құрайды жəне қалдық құнның тіркелген мөлшері бо-лып табылады.





Жыл реті

Бастапқы құны

Амортизацияның

Қалдық құны







жылдық сомасы




1

10000

0.4*10000=4000

6000

2

10000

0.4*6000=2400

3600

3

10000

0.4*3600=1440

2160

4

10000

0.4*2160=864

1296

5

10000

296=1296-1000

1000




101

Əрбір кəсіпорын активтерді пайдалану барысында амортизация есептеудің белгілі бір əдісін таңдайды. Қазақстан практикасында мақсатты қалдықты азайту жолымен есептен шығару əдісі пайдаланы-лады, ал бухгалтерлік есепте құнды бірқалыпты есептен шығару əдісі қолданылады. Қайта жөндеу жұмыстарында, техникалық жағынан қайта құру, негізгі қорларды тоқтатып қойған жағдайда амортизация есептелінбейді, сондай-ақ жерге, өнімді малға, кітапхана қорына жəне т.б. бойынша амортизация есептелінбейді. Сондай-ақ аморти-зация материалдық емес активтерге, яғни лицензия, патенттер, тауар белгілеріне, тауар таңбаларына, мүлікке жəне т.б. пайдалану құқығын қамтамасыз ететін бағдарламаларға да есептелінеді. Амортизациялық аударымдардың жоспарлы соммасын анықтау үшін жоспарлы жылдағы негізгі құралдардың орташа амортизациялық құнын мына формуламен анықтау қажет:

Қнқж=Қб+Қ*К/12-Қ1(12-К)/12, мұндағы


Қнқж – жоспарлы жылдағы амортизацияланатын негізгі құрал-жабдықтардың орташа құны;

Қб – жоспарлы жылдың басындағы негізгі құрал-жабдықтардың бастапқы құны;


Қ – қолданысқа енгізілетін негізгі құрал-жабдықтардың құны;

Қ1 – жоспарлы жылда істен шыққан негізгі құрал-жабдықтардың құны;





  • –жоспарлыжылдағыжұмысістейтіннегізгіқұрал-жабдықтардың толық ай саны;

12-К – негізгі құрал-жабдықтардың істен шыққан уақытынан жыл соңына дейін қалған ай саны.
Жоспарлы жылдағы негізгі құрал-жабдықтардың орташа құнын базалықжылдақалыптасқаннақтыамортизациянормасынакөбейтеміз. Егер негізгі құрал-жабдықтарды іске қосу тоқсан сайын жүзеге асса, онда шартты түрде активтер тоқсанның жартысында іске қосылды деп есептелінеді.

Инвестицияны қаржыландырудың меншікті көздеріне сондай-ақ кəсіпорынды ұйымдастыру кезіндегі жарғылық қор қаражаттарының капиталы жатады.


Қаржыландырудың келесі көздеріне негізгі қызметтен түскен пай-да, басқа да қосымша бағалы қағаздарды эмиссиялау, сондай-ақ жоғары тұрған буыннан келіп түскен қаражаттар жатады.
Инвестицияны қаржыландырудың көзі банктердің ұзақ мерзімді кредиттері де болуы мүмкін. Мемлекеттік кəсіпорындар бойынша қаржыландыру көзі бюджеттік ассигнациялар болуы мүмкін. Инве-стицияны қаржыландыру көзі анықталғаннан кейін жоспарлы жылдың инвестициялық жоспары жасалынады.

102




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   179




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет