Оқулық Алматы, 012 ббк 65. 29 К 68


Кəсіпорынның айналым қаражаттарын ұйымдастыру негіздері



бет44/179
Дата07.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#96156
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   179
Байланысты:
mihel-korporativtik-karjy

7.1. Кəсіпорынның айналым қаражаттарын ұйымдастыру негіздері

Айналым қаражаттары дегеніміз – өндірістік айналым қорларына өндірістің үздіксіз қызмет етуін уақытылы есеп айрысуды қамтамасыз ету үшін қажетті минималды көлемде құрылған қорларға авансталған ақша нысанындағы құн. Айналым қаражаттарын ұйымдастыруға:





  1. оларды нормалау, бұл олардың қажетті көлемін белгілеуге мүмкіндік береді;




  1. оларды қатаң мақсатқа пайдалану жəне тағайындау қағидаттары жатады.

Қағидаттарына олардың сақталуын, тиімді пайдалануын жəне айна-лым қаражаттарының айналымдылығының жылдамдығын жатқызуға болады.


Айналым қаражаттарының құрамына өндірістік айналым қорлары жəне айналыс қорлары кіреді. Өндірістік айналым құрал-жабдықтары: өндірістік босалқы қорлар (шикізат, негізгі материалдар) жəне аяқталмаған өндіріс болып 2 топқа бөлінеді.


Айналыс қорлары дайын өнімнің босалқы қорларынан, кассадағы жəне банктегі есеп шоттағы ақша қаражаттарынан тұрады.


Айналым қаражаттарының құрылымы кəсіпорындарда шығындар құрылымы, өндіріс түрлері, материалдық-техникалық қамтылу ерекшеліктері бойынша анықталады.


Құрылымы – негізгі үлес салмағы бойынша өндірістік босалқы қорлар (50-60%), аяқталмаған өндіріс (15-20%) жəне дайын өнімдер (10%-ға дейін).


Нормалау жолымен анықталатын меншікті айналым қаражаттары нормаланған айналым қаражаттары деп аталады. Оларға өндірістік босалқы қорлар, аяқталмаған өндіріс, болашақ кезең шығындары, дай-ын өнім жатады.


Айналым қаражаттарын қалыптастыру көздері бойынша:



  1. меншікті жəне оларға теңестірілген;

  2. қарыз қаражаттарына бөлінеді.

  1. Меншікті қаражаттар: жарғылық капитал, бөлінбеген та-

106


быс, оларға теңестірілген басқа да көздер – тұрақты пассивтер (еңбекақы бойынша минималды қарыздар, демалыс резервтері, толық дайындалмағанөндіріскеберілгенавансəдетте,айналымқаражаттарын қалыптастырудың көзі болып табылатын кредиторлық қарыздың ми-нималды көлемі).

  1. Қарыз көздері – банктің қысқа мерзімді кредиттері болып бөлінеді.

Айналым қаражаттарын нормалау кезінде олар нормалар мен нормативтерге ажыратылады. Нормативтерге қатысты көлемдегі, күндегі, жұмыс көлеміндегі пайыз түріндегі тауарлы материалдық құндылықтардың босалқы қорлар мөлшерін жатқызамыз. Нормалар айналым қаржаттардың айналыс жылдамдығына сəйкес жыл сайын өзгеруі мүмкін.


Норматив – норматив есептелінетін көрсеткішке норманы көбейту арқылы есептелініп, ақша түрінде анықталады.


Мысалы, шикізат, негізгі материалдар жəне басқа да айналым қаражаттары бойынша меншікті айналым қаражаттарының нормативі орташа тəуліктік материал шығынын күнмен анықталатын босалқы қорлар нормасының көбейтіндісіне тең. Материалдардың орта-ша тəуліктік шығындылығы жоспарлы жылдың 4 тоқсаны бойын-ша материалдарға кеткен шығын соммасын 90 күнге бөлу арқылы анықталады.


Күнмен есептелінетін материалдар бойынша босалқы қор норма-


сы:
● транспорттық босалқы қор;
● материалдарды қабылдау, түсіру, қоймаға жинауға кететін уақыт; ● шикізатты өндіріске дайындауға кететін уақыт ● (технологиялық босалқы қорлар); ● ағымдағы қоймадағы босалқы қор;

● сақтық босалқы қор сияқты элементтерден тұрады.


Күнмен есептелінетін транспорттық босалқы қордың нормасы жүк қозғалыс уақыты мен жүкті құжаттау уақыты арасындағы айырма ретінде анықталады.

Мысалы: шикізатты өндіріске дайындау уақыты – 20 күн. Ағымдағы қоймадағы босалқы қор – 10 күн. Технологиялық босалқы қор – 10 күн.


Шикізатты дайындау уақыты – 5 күн.


Технологиялық босалқы қор белгіленбейді, өйткені шикізатты дай-ындау уақыты ағымдағы қоймадағы босалқы қорды дайындауға кеткен уақытқа жүктеледі.

Ағымдағы қоймадағы босалқы қор – қамту мерзімінің 50%-ы. Сақтық босалқы қор – ағымдағы қоймадағы босалқы қордың


50%-ы.
Барлықтехнологиялық,ағымдағыжəнебасқадабосалқықорлардың



107


соммасы ақша нысанындағы материалдардың орташа тəуліктік шығындылығына көбейтіледі, бұл белгілі бір материалдар бойынша меншікті айналым қаражаттарының нормативін құрайды.

Аяқталмаған өндіріс бойынша норматив – нақты мəндегі орташа тəуліктік өнім өткізілімінің өндіріс циклінің ұзақтығына жəне өнімнің өлшем бірлігінің өзіндік құнына көбейтіледі.


Орташа тəуліктік көлем тоқсандағы өндіріс көлемін 90-ға, жылдықты 360-қа бөлгенге тең болады. Өндірістік кезеңнің ұзақтығы күндермен анықталады.


Болашақ кезең шығындары бойынша норматив жаңа өндірістерді дайындау, өнімдердің жаңа түрін шығару, басқа да аванстық төлемдер түріндегі шығындардан тұрады.


Болашақ кезең шығындарының шоттағы қалдығын анықтап, оған болашақ кезең шығындарын қосамыз жəне жоспарлы жылдағы өзіндік құнға жатқызылатын болашақ кезең шығындарын алып тастаймыз.


Дайын өнім айналым қаражаттарының нормативі арқылы анықталады, тауар өнімнің орташа тəуліктік өткізілім туындысының өзіндік құнын қоймадағы дайын өнім босалқы қорларының нормасына көбейткенге тең.


Айналым қаражаттарын нормалаудың өндіріс көлемінің ұлғаю қарқыны мен жоспарлы айналым қаражаттарының мөлшерлері арасындағы қатынас ретінде анықталатын коэффициенттік əдісті қолдануға болады. Бұл мақсатта айналым қаражаттары екі топқа: өндіріс көлеміне байланысты жəне өндіріс көлеміне байланысты емес түрлеріне бөлуге болады. Дегенмен, аяқталмаған өндіріс жəне болашақ кезең шығындары бойынша норматив бөлек анықталады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   179




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет