46
барлық қатысушылары үшін тəсілдерді, керек-жарақты қамтамасыз
ету, осы қажеттіліктерді қанағаттандыру» [104, 23 б.].
Жоспарлы-болжамдық функциясы
-
болжау мен идеалды
жəне нақты мақсаттардың оңтайлы таңдауына, оларға қол жеткізу
бағдарламаларын əзірлеуге бағытталған қызмет ретінде жоспарлау
да кіреді.
Жоспарлы-болжамдық функциясының жетілуі мектептің
өзекті («айқайлап тұрған») мəселелерін шешуге бағытталған кешендік-
мақсаттық жоспарлауды енгізуімен байланысты.
Ұйымдастырушылық-атқарушы функция
– білім беру мекемесінің
жұмыс сапасына тікелей əсер ететін ерекше кезең.
Жоспарланғанды жүзеге асыру үшін көзделгенді атқаратын адам-
дарды белгілеу, яғни басқару субъектілерін атау, əр субъект нені атқару
керектігін тұжырымдау қажет, басқалай айтқанда, оның функционал-
дық міндеттерін анықтау керек.
Автор осы функцияның жүзеге асыруының тиміділігін арттыруы-
ның негізгі бағыттарына келесілерді жатқызады:
– қызметті ұйымдастыруға жеке-бағдарлық көзқарастарды жүзеге
асыру;
– мектеп басшыларымен жəне педагогикалық ұжым мүшелерімен
басқару аппаратының ішінде функционалдық міндеттерді ғылыми
жəне тəжірибелік негіздемелік бөлу;
– еңбекті тиімді ұйымдастыру;
– мектепішілік басқарудың қатыстық автономдық жүйелерін
қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: