Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15



Pdf көрінісі
бет30/73
Дата15.12.2022
өлшемі1,71 Mb.
#162905
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   73
Байланысты:
пед менеджмент
Алгоритм ұғымы-WPS Office
Ішкі сияпатты 
жұмыстың өзі береді. Бұл - нəтижеге қол жеткізу, 
атқаратын жұмыстың маңызы мен мəні, өзін-өзі құрметтеу сезімі. 
Жұмыс үдерісі барысында қарым-қатынас жасауды да ішкі сияпат 
элементі деп қарастыруға болады. 
Сыртқы сияпат 
жұмыстың өзінен пайда болмайды, оны ұйым 
береді. Бұл қызмет бабымен көтерілу, мадақ пен тану, қызметтік орны мен 
беделінің белгілері, еңбекақы, сондай-ақ қосымша төлемдер (қосымша 
демалыс, белгілі бір шығындар мен сақтандыру ақысын төлеу). 
Қызметкерлерді материалдық ынталандыруды анықтайтын бұл 
ережелер мен пікірлер уəждеменің қандай теорияларымен байланысты 
екендігін анықтаңыз. 
4. 
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДЫҢ
негізінде В. И. Герчиковтың 
жіктелуі білім алушыларға (мектептегі оқушылар, колледждегі не-
месе жоғары оқу орнындағы студенттер) жəне олардың оқу əрекетіне 
қатысты қалай көрініс табуы мүмкін екендігін қарастырыңыз. 
5. Өскемен қаласының «№32 орта мектеп» ММ-де əзірленген 
мұғалімдерді уəждеу жəне ынталандыру жүйесімен танысыңыз 
(Г ҚОСЫМШАСЫ). 3-суреттің көмегімен (Уəждеу түрлері мен 
қызметкерлерді ынталандыру) əдістердің əрқайсысы түрлердің қай то-
бына жататынын анықтаңыз. 
1.4.4. Бақылау
Педагогикалық қызметте бақылау функциясының маңызы зор. 
«Бақылау басқарушы циклдің барлық функцияларымен тығыз бай-
ланысты, бұл байланыс педагогикалық талдау функциясымен айқын 
көрінеді, себебі мектепішілік бақылау барысында алынған ақпарат 
педагогикалық талдаудың өзегі болады. Бақылау мол, жүйеге 
келтірілген ақпарат беріп, қойылған мақсат пен алынған нəтиже 
арасындағы айырмашылықты көрсетеді, ал педагогикалық тал-
дау осы айырмашылықтар мен бұрмалаушылықтардың себептерін, 
жағдайларын анықтауға бағытталған. Бақылау үдерісі барысын-
да алынған нақты материал педагогикалық талдауға тартылатынын 
еске саламыз. Бұл жағдай мектепішілік бақылау мен педагогикалық 
талдаудың мазмұны мектеп қызметінің бір бағыттарын құрайтынын 
дəлелдейді» [94]. 
Білім беру мекемесінің қызметін бақылау білім беру сапасын 
қамтамасыз етуге бағытталған күрделі, көп қырлы, иерархиялық 
ұйымдасқан жүйе болып табылады. 


84
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» (2007 ж.) заңының 
«Білім беру сапасын басқару» 55-бабында «білім беру сапасын басқару 
білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға 
бағытталған жəне ол білім беру сапасын, білім беруді қаржыландыруға 
бөлінетін құралдарды тиімді пайдалануды бағалау жəне білім беру 
жүйесінің қызметінің жалпы тиімділігін бағалаудың бірыңғай ұлттық 
жүйесін құрайды» деп көрсетілген [1]. 
Сондай-ақ мұнда «білім беру сапасын сырттай бағалауға лицензия 
беру рəсімдері, білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау, білім 
беру ұйымдарын аккредиттеу, бірыңғай ұлттық тест өткізу, аралық 
мемлекеттік бақылау, сондай-ақ барлық түрдегі білім беру ұйымдарын 
саралау рəсімдері мен техникалық жəне кəсіби, орта білім беруден 
кейінгі білім беру ұйымдарында оқитын тұлғаларға біліктілік беру 
рəсімдері кіреді. 
Білім беру сапасын іштей бағалауға сапа менеджменті жүйесі, білім 
беру ұйымдарының барлық қызмет түрлеріндегі өзін-өзі бағалаудың 
түрлі рəсімдері, үлгерімді ағымдағы бақылау, оқушылардың білімдік 
жетістіктерін бағалау енеді» делінген [1]. 
Білім беру сапасын сырттай жəне іштей бағалауды кешенді пайда-
лану, бағалауға білім беру мекемесінің өзі, түрлі уəкілетті органдардың 
қатысуы, оны үздіксіздік, жүйелілік жəне т.б. ұстанымдары негізінде 
өткізу білім беру мониторингін енгізумен тығыз байланысты. Бұл 
мəселе одан əрі сəйкес бөлімде қарастырылады. Ал мұнда білім берудің 
жеке ұйымын басқаруда бақылау қалай жүргізілетініне тоқталайық. 
Т. И. Шамова шығарған мектепішілк бақылау түрлері мен 
нысандарының жіктелімін қарастырайық. Ауқымдарына (қамту 
ауқымына) байланысты құрған жіктелімнің бірінші деңгейінде 
бақылаудың екі түрі бар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет