285
Y
t
= Y
t
- Y
t -1
/ Y
t -1
, немесе, ΔY
t
= Y
t
- Y
t -1
2. Өсу қарқыны
– 100%-ға көбейтілген өсу коэффициенті;
3. Өсім қарқыны
– өсу қарқыны минус 100%.
Экономикалық өсу жиынтық динамикалық көрсеткіш бо-
лып табылады жəне ұлттық экономиканың жағдайын белгілі
бір уақыт аралығында жалпы сипаттайды. Алайда, жоғарыда
аталып өткендей, экономикалық өсудің көрсеткіші əрқашанда
оң шама бола бермейді. Көптеген статистикалық деректерден
экономикалық өсудің нөлдік немесе теріс шамаларын да көруге
болады. Мəселен, Қазақстанда 1991-1998 жылдар аралығында
экономикалық өсудің оң нəтижелері байқалмады. Себебі, тəуел-
сіздік жылдары еліміз өтпелі экономика жағдайында нарық тық
қатынастардың бірнеше кезеңінен өте отырып экономикалық жү-
йенің жаңа құрылымын жасаумен болды. Осы кезде, 1997 жылы
қабылданған «Қазақстан-2030» Стратегиясы елдің экономика-
лық өсуіне мұрындық болды. Сөйтіп, 1999 жылдың екінші жар-
тысында экономикалық өсу орын алды жəне 2,7%-ды құрады.
Əріқарай, Қазақстанның экономикалық өсу қарқынын жəне
жан басына шаққандағы ЖІӨ-ді төмендегі кестелерден көруге
болады.
Достарыңызбен бөлісу: