Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет214/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

287
12.3-кесте
2011-2015 жылдарға экономикалық өсу қарқынының 
болжамы
Жылдар
Нақты ЖІӨ, пайыздық өсім
2011
7,0
2012
6,9
2013
6,5
2014
7,1
2015
7,4
Дерек көзі: www.minplan.kz
Экономикалық өсудің екі түрін ажыратып көрсетеді:
1. Нақты экономикалық өсу
бұл статистикалық орган-
дардың кезеңділікпен жариялап отыратын ЖІӨ-нің немесе бас-
қадай макро-экономикалық көрсеткіштердің жыл сайынғы шы-
найы түрде өсуі.
2. Əлеуетті экономикалық өсу 
– бұл экономиканың белгілі 
бір жылдамдықпен немесе қарқынмен өсе алу мүмкіндігі мен 
дəрежесі. Бұл өсуді қамтамасыз ете алатын факторларға мы-
налар жатады: а) еңбек, капитал жəне жер сияқты ресурстар ды 
арттыру; ə) технологиялық прогресстің көмегімен, өндірістің 
ұйымдастырылуын жақсарту немесе жұмыс күшінің білікті лігін 
арттыру есебінен осы ресурстарды пайдаланудың тиімділігін 
арттыру.
Экономикалық өсудің теориялық тұрғыдан негізгі үш типі 
бар:
1. Интенсивті типі
- техника мен технологияның жетілді рілуі 
арқылы ЖІӨ мен ұлттық табыстың сапа жағынан өсуі. Тиімді 
экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға ты-
рысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары:
− 
қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің 
сапасын өсіру жəне заттық капиталдың сапасын жақсарту);
− 
ресурстарды пайдалану əдістерін жақсарту (технологияны 
жетілдіру, өндірісті жəне өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды 
жетілдіру).
2. Экстенсивті типі
– қосымша өндіріс факторларын тарту 
арқылы ЖІӨ мен ұлттық табыстың сан жағынан өсуі. Эконо-
микалық өсудің экстенсивтік факторлары:


288
− 
жұмыс күші санының өсуі;
− 
капитал көлемінің өсуі.
3. Аралас типі
- факторлардың өсуімен қатар, техника мен 
технологияның жетілдірілуі арқылы ЖІӨ мен ұлттық табыстың 
сапа жағынан да, сан жағынан да өсуі.
Макроэкономикада экономикалық өсудің факторларын негізгі 
үш топқа бөліп қарастырады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет