Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет83/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

∆Y = −∆Т×МРС / 1 – MPC.
Экономиканы жандандыру үшін, мемлекет салықтарды қыс-
қартуы қажет, ал кері жағдайда, экономиканың қызып кетуінен 
сақтану үшін, салықтарды жоғарылатуы қажет. Салық мультип-
ликаторының жұмыс істеу механизмі 5.3-суретте көрсетілген.
5.3-сурет.
Салықтар қысқаруының өнім көлеміне əсері
Егер үкімет мемлекеттік шығындарды арттыру кезінде бюд-
жеттің баланстылығын сақтауға ұмтылса жəне ол үшін салықтық 
түсімдер мөлшерін ұлғайтса, яғни мемлекеттік шығындар мен 
салықтық түсімдер шамасы бір бағытта өзгерсе, онда баланс-
танған бюджет мультипликаторының əсері орын алады. Бұл 


120
мультипликатордың іске қосылуының мəні мынада: мемлекеттік 
шығындар мен салықтардың белгілі бір уақытта бірдей шамаға 
(∆G = ∆T) өсуі кезінде, өндірістің тепе-теңдік көлемі де дəл сол 
шамаға артады, ∆Y = ∆G = ∆T. 
Айталық, үкімет қосымша мемлекеттік шығындарды жабу 
үшін салық саясатын қатаңдатып, салық мөлшерлемелерін кө-
тер ді. Сөйтіп, осы шараларды іске асырудың нəтижесінде мем-
лекеттік шығындар да, салықтық түсімдер де 100 мың теңгеге өсті 
делік. Тұтынуға шекті бейімділік 0,8-ге тең. Енді бұл жерде үкімет-
тің жүргізген шараларының салдарынан туындаған өндірістің 
тепе-теңдік көлемінің өзгеру шамасын анықтау қажет. Ол үшін 
мемлекеттік шығындар мен салық мультипликаторларының 
мəндерін анықтаймыз:
m
g
= ∆Y / ∆ G = 1 / 1 – MPC = 1 / MPS = 1/ 0,2 = 5,
m
t
= ∆Y / ∆T = −MPC / 1 – MPC= – 0,8 / 0,2 = –4.
Бұл жағдайда мемлекеттік шығындар есебінен болған Y-дің 
өсімі мынаны құрады: 
 
∆Y
g
= ∆G×m
g
= 100 × 5 = 500.
Ал
 
салықтардың өсуі нəтижесінде болған Y-дің қысқаруы 
мынаған тең болды:
 
∆Y
t
= ∆T×m
g
= 100 × (–4) = –400.
Олай болса, ұлттық өндіріс көлемінің жалпы өзгерісі мынаған 
тең болады:
∆Y = ∆Y
g
+ ∆Y
t
= 500 – 400 = 100, яғни өндіріс көлемі 
мемлекеттік шығындар мен салықтардың бастапқы өзгерістері 
сияқты шамаға өзгереді.
Бұл қорытынды экономикадан 1989 жылғы Нобель сый лы-
ғының иегері, норвегиялық ғалым Трюгве Хаавельмо атымен 
байланысты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет