Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет102/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

Ақша айналымы
– бұл өз қызметтерін орындайтын жəне 
тауарлардың сату-сатып алынуына қызмет көрсететін, сонымен 
қатар, тауарлық емес төлемдер мен есеп-айырысуларды атқа-
ратын ақшалар қозғалысы.
Ақша айналымы қолма-қол жəне қолма-қолсыз нысандар да 
жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта, дамыған елдерде ақша айна-
лысының басым бөлігі қолма-қолсыз нысанда ұйым дастырылады.
Ақша жүйесі
– бұл қоғамда тарихи түрде қалыптасқан жəне 
мемлекеттің заңдық тəртіппен бекіткен ақша айналысын ұйым-
дастырудың ерекше формасы.
Ақша айналысының аса маңызды түрдегі көрсеткіші болып 
ақша массасы (жиыны) табылады.
Ақша массасы
– бұл экономиканың шаруашылық айналы-
мына қызмет көрсететін жəне жекелеген тұлғаларға, фирмаларға 
жəне мемлекетке тиесілі қолма-қолды жəне қолма-қолсыз түрдегі 
төлем құралдарының жиынтығы. 
Ақша массасы экономикада біртекті (стандартты) болып та-
былмайды. Оның құрамына сатып алушылық жəне төлем 
дік 
құралдармен қатар, депозиттік сертификаттар, чектер, жинақтау-
шылық шоттар жəне басқа да құралдар ретіндегі компонент-
тер кіреді. Бұларды «квази-ақшалар» (ақша сыңайлы) немесе 
өтімділігі бар активтер деп атайды. 
Бір-бірінен өтімділік дəрежелері бойынша ерекшеленетін ақ-
ша массасының құрылымдық элементтерін 
ақша агрегаттары
деп атайды. 
Ақша агрегаттарының мынадай түрлері бар: 
М
0
= айналыстағы қолма-қол ақшалар; 
М
1
= М
0
+ жинақ банктеріндегі, коммерциялық банктердегі 
халықтың жəне кəсіпорындардың талап етілгенге дейінгі депо-
зиттері, халықтың жəне кəсіпорындардың есеп-айырысу шылық 
жəне ағымдық шоттардағы қаржылары, саяхатшылардың чектері; 
М
2
= М
1
+ кіші жедел салымдар; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет