Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Еркін қалқымалы айырбас бағамы



Pdf көрінісі
бет304/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

Еркін қалқымалы айырбас бағамы 
– Орталық банктің валю-
талық нарықта нарықтық сұраныс пен ұсыныстың əсерінен айырбас 
бағамының еркін түрде құбылуына жол беруі.
Есептік мөлшерлемені өзгерту (қайта қаржыландыру ставка-
сы) 
– Орталық банктің коммерциялық банктерге қарызға беретін өз 
резервтеріне тағайындайтын пайыз мөлшерлемесін өзгертуі.
 
Жан басына шаққандағы ЖІӨ 
– елдер арасындағы экономикалық 
өсуді жəне экономикалық жағдайларды салыстыру үшін қолданылатын 
өсуді нақты өлшей алатын əдіс.
Жалпы ұлттық өнім 
(ЖҰӨ) – кез келген азаматтардың өз елі 
ішінде жəне басқа елдерде өзінің ұлттық капиталы көмегімен бір жылда 
өндірген жəне сатқан тауарлары мен қызметтерінің нарықтық құндары -
ның жиынтығы.
Жалпы ішкі өнім 
(ЖІӨ) – сол елде тұратын өндірушілер капи-
талының ұлттық сипатына қарамастан бір жылда өндірген жəне сатқан 
тауарлары мен қызметтерінің нарықтық құндарының жиынтығы.
Жинақтауға деген орташа бейімділік 
(АPS – average propencity 
to save) – үй шаруашылықтарының жинақтауға қалдыратын қолда бар 
табыс тарының бөлігі.
Жинақтауға деген шекті бейімділік 
(MPS – marginal propencity 
to save) – қолда бар табыстың кез келген өзгерісінде жинақ өсімінің 
пайыз дық үлесі.
Жинақтаушы мекемелер
– халықтың жинақтарын жинайтын жəне 
тұрғын-үй құрылысына инвестиция салу үшін ақша капиталын пайда-
ланатын ұйымдар.
Жұмыс күші 
– адамның еңбекке деген қабілеттілігі; адамдардың 
игіліктерді өндіру үрдісіндегі физикалық жəне ой қабілеттіліктерінің 
жиын тығы; елдегі жұмыскерлердің жалпы саны; жұмыспен қамтылған 
мен жұмыспен қамтылмаған (жұмыссыздар) халықтың бір бөлігі. 
Жұмыссыздық
– еңбек ұсынысының еңбекке деген сұраныстан 
артып кетуі; еңбекке жарамды халықтың жұмыс таба алмауы немесе 
жұмыспен қамтылмауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет