Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


са- лыстырмалы артықшылықтар теориясын



Pdf көрінісі
бет251/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

са-
лыстырмалы артықшылықтар теориясын
ұсынды. Ол өзінің 
«Принципы политической экономии» атты еңбегінде, егер екі 
елдің біреуі абсолютті артықшылыққа ие болмаса, онда елдер 
арасында сауданың қалай мүмкін болатындығын дəлелдеген.
Салыстырмалы артықшылықтар теориясы
– қандай да 
бір ел мамандандырылған өндіріс пен сауданы басқа мемлекет-
пен салыстырғанда баламалы (салыстырмалы) шығындары аз бо-
латындай етіп жүзеге асыруы керек. Сонда жалпы өнім де жоғары 
деңгейде болады. 
Салыстырмалы артықшылықтар теориясында сыртқы сау-
даның шарты абсолюттік шығындар айырмашылығы болуы мін-
детті еместігін жəне абсолюттік артықшылық болмаса да сыртқы 
сауданың тиімді екенін пайымдады.
Д. Рикардоның ойынша, елдер салыстырмалы арзан тауарлар-
ды сыртқа шығарып (экспорттап), ал өз еліне қарағанда шетел-
дерде аз шығын кететін тауарларды əкелуі тиіс. Əр ел басқа елге 
қарағанда, абсолюттік шығындары жоғары болса да салыстыр-
малы шығындары төмен өнімдер өндіруге мамандануы керек. 
Оның мысалында екі ел қарастырылады – Англия мен Португа-
лия. Айталық, осы елдерде екі ғана тауар өндіріледі – шарап жəне 
мата. Бұдан басқа, Рикардоның үлгісінде жалғыз өндіріс факторы 
– еңбек қана қолданылады, сондықтан тауар өндіру шығындары 
еңбек шығындарымен (еңбектің адам-сағатымен) өлшенеді. Са-
лыстырмалы артықшылықтар принципі 14.1-кестесінде берілген.
14.1-кесте. 
Тауар өндірісіндегі салыстырмалы артықшылықтар 
(адам-сағатпен өлшенетін өндіріс шығындары)
Ел
Шарап
Мата
Англия
120
100
Португалия
80
90


334
Кестеден көріп отырғанымыздай, Португалия екі тауар өн-
дірісінде де абсолютті артықшылыққа ие болып отыр – Англия-
мен салыстырғанда бір бірлік шарап өндірісінде де, бір бір-
лік мата өндірісінде де еңбек шығынддары төмен. Егер осыны 
абсолютті артықшылықтар принципі тұрғысынан қарастыра-
тын болсақ, онда Португалия Англиямен сауда жасамауы керек. 
Бірақ бұл елдерде салыстырмалы шығындары бойынша жағдай 
басқаша қалыптасады. Португалияда шарап бойынша салыстыр-
малы шығындар 80:90 құрайды (бұл елде шарап өндірісі мата 
өндірісіне қарағанда салыстырмалы арзан), ал Англияда осы тауар 
бойынша салыстырмалы шығындар 120:100 құрайды. Енді осын-
дай арақатынастар салыстырылады: 80:90 < 120:100, сəйкесінше, 
Португалияда шарап өндірісі салыстырмалы арзан, ал Англияда 
мата өндірісінің салыстырмалы арзан екендігін байқауға болады.
Сондықтанда, осы елдер арасында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет