371
Y = C + I + G + Xn.
Егер теңдеудің сол жақ жəне оң жақ бөлігінен тұтыну
шығындары мен мемлекеттік
шығындарды алып тастайтын
болсақ, онда біз мынаны аламыз:
S = I + Xn,
мұнда, Y – C – G = S, яғни ұлттық жинақтарды (жеке жəне
мемлекеттік жинақтардың қосындысы) білдіреді. Бұл теңдеуді
басқаша түрлендіріп негізгі макроэкономикалық теңдікті ала ала-
мыз:
Xn = S – I,
мұнда, Xn –
экономиканың сыртқы балансы;
S – I – экономиканың ішкі балансы.
Нақтырақ айтатын болсақ, Xn – ағымдық операциялар
шотының сальдосы, S – I – капитал қозғалысы
шотының саль-
досы болып табылады. Бұл екі шот бір-бірін теңестіріп отыра-
ды жəне өз мəндерінің абсолютті шамаларына сəйкес келіп
отырады.
Соңында, негізгі макроэкономикалық
теңдестіктің мынадай
жазуын ала аламыз:
Xn + (I – S) = 0.
Төлем балансын талдаудың осындай логикасы
кредит пен
дебеттің барлық баптарының сомалары нөлге тең болады
деген-
ге негізделеді. Сонда осы макроэкономикалық
талдау тұрғысынан
біз екі негізгі шотты – ағымдық операциялар шотын жəне капи-
тал қозғалысы шотын ғана бөліп көрсетуіміз керек. Осы екі шот
арқылы жүргізілетін кез келген келісім төлем балансында екі рет
жазылатындықтан, олар бір-бірін əрдайым теңестіріп отырады.
мысалы, егер қазақстандық
импорт экспорттан көп болса, онда
ағымдық операциялар шотының теріс сольдосы орын алады:
Xn < 0.
Шығындарымыз табыстардан асып кетсе, онда бір жер-
ден қарыз алуға тура келеді немесе өз
активтеріміздің бір бөлігін
сатуымыз керек. Осының бəрі Қазақстанға шетел валютасы осы
шот бойынша құйылады дегенді білдіреді. Ал капитал қозғалысы