Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет300/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

394
дейінгі депозиттерінен (D) құралады немесе ақша ұсынысын M
1
ақша 
агрегаты деп қарастыруға болады.
Ақша-несие (монетарлық) саясаты
– мемлекеттің елдің ақша, не-
сие жəне банк жүйелері жолымен экономикаға əсер етуі.
Ақша-несие саясаты
– ақша айналымы мен несие жүйесі саласын-
дағы мемлекеттік іс-шараларды жүзеге асырумен байланысты бірқатар 
жалпы экономикалық міндеттерді орындауға бағытталған макроэкономи-
калық саясаттың аса маңызды құрамдас бөлігі.
Аралық өнім
– өңдеуге жəне қайта қымбатқа сатуға арналған өнім-
дер. Мысалы, машинаның дөңгелегі. 
Арнайы мамандандырылған қаржы-несиелік мекемелер
– 
эконо миканың нақты салалары мен аяларын несиелеумен айналысатын 
банктік емес ұйымдар.
Артық резервтер
– күтпеген жағдайлардан сақтану үшін жəне өтім-
ділігі бар құралдарға қажеттіліктерін өсіру үшін сақтайтын міндетті ре-
зервтерден артылып қалған сомалар.
Атаулы валюта бағамы
– екі ел валюталарының салыстырмалы 
бағасы. Яғни, бір ел валютасының екінші ел валютасына шаққандағы 
бағасы. Атаулы валюта бағамын белгілеу үшін «айырбас бағамы» 
ұғымы қолданылады.
Атаулы жалпы ұлттық өнім
– осы жылғы ағымдағы бағалармен 
есептелген ЖҰӨ көлемі.
Атаулы пайыздық қойылым
– банктің несиелік операциялар бо-
йынша тағайындаған ағымдағы нарықтық пайызы.
Ациклдік көрсеткіштер
– қарқыны экономикалық циклдің фазала-
рына байланысты болмайтын экономикалық параметрлер. Яғни, ондай 
параметрге бірқатар елдердің экспорт-импорт көлемі, ұлттық қорғаныс 
пен іргелі зерттеулер жүргізу сияқты мемлекеттік шығындардың бір 
бөлігі жатады.
Ашық нарықтағы операциялар
Орталық банктің мемлекеттік 
бағалы қағаздарды (облигацияларды) сатып алуы мен сатуы.
Ашық экономика
– əлем мемлекеттерінің бір-бірімен өзара та-
уарлар мен қызметтерді экспорттайтын жəне импорттайтын, əлемдік 
қаржы нарығында несиелік алып-сату қатынастарын жүзеге асыруға 
негізделген макроэкономиканың жүйелік қатынастары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет