395
төлеуді қарастыратын сол құнды қағазды шығарушы мен оның иесі
арасындағы қарым-қатынастармен анықталатын қарыз құралдарын
иемденумен байланысты қаржылық құжат.
Бағалы қағаздар нарығы
– құнды қағаздар (облигациялар) айна-
лымы арқылы қаржы ресурстарына деген ұзақ мерзімдік қажеттілік-
терді қанағаттандыратын жəне жинақ ақшаларды инвестицияларға ай-
налдыратын қаржы нарығының құрамдас бір бөлігі.
Банк жүйесі
– қандай да бір елдің территориясында бір-бірімен
өзара байланысқан түрде əрекет жасайтын банктік мекемелердің
жиынтығы.
Баумоль-Тобин үлгісі
– адамдардың өздеріне қажетті қолма-қол
ақша сомаларының мөлшерін осы сомаға банктің алынбаған пайы-
зы түріндегі шығындары мен банкке барып келу уақытын үнемдеуді
бағалаумен болатын шығындарды салыстырумен байланысты ақшаға
сұраныстың ерекше үлгісі.
Бейімделушілік күтімдер
(адаптационные ожидания) – инфляция-
ның нақты деңгейі негізінде сол инфляцияны экономикалық агент-
тердің болжай алу мүмкіндіктері. Олар инфляцияның нақты деңгейі-
мен сəйкес келмейді жəне кезеңділікпен қайта қаралып, субъектілер өз
қателерін түзетіп отырады.
Белсенді ақша-несие саясаты
– алға қойылған мақсаттарға жету
үшін мемлекеттің ақша-несие саясатының ерекше құралдарының
көмегімен ақша нарығына əсер етуі.
Бірінші реттік нарық
– жаңа құнды қағаздардың эмиссиясы жа-
салатын нарық жəне құнды қағазды шығарушы-эмитенттің атаулы
бағамен сол құнды қағаздарды нарықтағы инвесторларға сатуын сипат-
тайтын қатынастар.
Достарыңызбен бөлісу: