Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет65/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

Таза экспорт функциясы:
X
n
 = g – m׳ Y,
мұнда, X
n
таза экспорт; g – автономды таза экспорт; 
m׳ – импорттауға деген шекті бейімділік; Y – табыс.
Импорттауға деген шекті бейімділік
табыстың кез кел-
ген өзгерісінде импорттық тауарларға жұмсалатын шығындар 
өсімінің пайыздық үлесі:
m׳ = ΔM / ΔY,
мұнда, ΔM – импорт шығындарының өзгеруі; ΔY – табыстың 
өзгеруі.
Жиынтық табыс өскенде импорт та артады, өйткені тұты-
нушылар мен инвесторлар өздерінің шығындарын отандық та-
уарлармен қатар, импорттық тауарларға да арттыра бастайды. 
Ал сол елдің экспорт шамасы жиынтық табысқа тəуелді емес, 
керісінше, сол елге тауарлар мен қызметтерді импорттайтын 
ше телдік жиынтық табыстың қарқынына байланысты өзгереді. 
Сондықтан, сол елдің жиынтық табысының шамасы мен таза экс-
порт көлемінің арасында кері тəуелділік орнайды жəне таза экс-
порт функциясында «минус» таңбасы қойылады.
Сонымен, экономикада барлық жиынтық жоспарланған жиын-
тық шығындар өндірілген өнімнің жалпы көлеміне теңес кенде 
макрокономикалық тепе-теңдік орнайды. Классикалық теорияға 
қарағанда, тепе-теңдікті зерттеудің Кейнстік үлгісі тұрақты 
бағалар жағдайында қарастырылады.
Бұл үлгінің қарапайым формасы кейнстік қағидаға сəйкес 


95
құрылады: жиынтық сұраныс экономикада ұлттық табыстың ша-
масын анықтайды: 
Y
D
 = C + I + G + X
n
Жоспарланған шығындар қисығын табу үшін оның құра-
мындағы барлық компоненттерді қосамыз (4.6-сурет). 
4.6-сурет. 
«Кейнс кресі» үлгісі
А нүктесінде жиынтық шығындар ұлттық табысқа тең болады. 
Бірінші жағдайда, егер Y
1
ұлттық табыс деңгейі тепе-теңдік Y
0
-
ден жоғары болса, онда жиынтық шығындар өндіріс көлемінен аз 
болады E

< Y
1
, бұл жағдайда ТМҚ көлемі артады. Сатып алушы-
лар тауарларды фирмалардың өндіргеніне қарағанда аз тұтынады, 
яғни AD < AS құбылысы орын алады. Фирмалар осыны болдыр-
мас үшін өндіріс көлемін Y
0
-ге дейін қысқартуға мəжбүр болады.
Екінші жағдайда, егер Y
2
ұлттық табыс деңгейі тепе-теңдік 
Y
0
-ден төмен болса, онда жиынтық шығындар өндіріс көлемінен 
көп болады E

> Y
2
, бұл жағдайда ТМҚ көлемі кемиді. Сатып алу-
шылар тауарларды сатып алушылардың тұтынғанына қарағанда 
кем өндіреді, яғни AD > AS құбылысы орын алады. Сəйкесінше, 
фирмалар жұмысбастылық пен өндіріс көлемін Y
0
-ге дейін 
арттыруға мүмкіндік алады.
Сонымен, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет