Ақша агрегаттары – бір-бірінен өтімділік дəрежелері бойынша
ерек шеленетін ақша массасының құрылымдық элементтері.
Ақша айналымы – өз қызметтерін орындайтын жəне тауарлардың
сату-сатып алынуына қызмет көрсететін, сонымен қатар, тауарлық емес
төлемдер мен есеп-айырысуларды атқаратын ақшалар қозғалысы.
Ақша базасы (МВ) – банк жүйесінен тыс қолма-қол ақшалар (С)
мен Орталық банкте коммерциялық банктердің міндетті түрде сақ-
тайтын резервтерінің (R) қосындысы.
Ақша жүйесі – қоғамда тарихи түрде қалыптасқан жəне мемлекеттің
заңдық тəртіппен бекіткен ақша айналысын ұйымдастырудың ерекше
формасы.
Ақша массасы – экономиканың шаруашылық айналымына қызмет
көрсететін жəне жекелеген тұлғаларға, фирмаларға жəне мемлекетке
тиесілі қолма-қолды жəне қолма-қолсыз түрдегі төлем құралдарының
жиынтығы.
Ақша массасын таргеттеу (нысаналау немесе шектеу) – ақша мас-
сасы өсуінің жоғарғы жəне төменгі шегін белгілеу əдісі.
Ақша мультипликаторы (m) – ақша ұсынысының ақша базасына
қатынасын сипаттайтын сандық коэффициент.
Ақша нарығындағы тепе-теңдік – ұсынылатын ақша көлемі
жəне жеке тұлғалар мен кəсіпкерлер қолдарында ұстағысы келетін
ақша көлемінің теңесуі. Ақша нарығындағы тепе-теңдікті Орталық
банк реттейді.
Ақшаға деген сұраныс (М
d
) – тұрғындар мен фирмалардың беріл-
ген уақыт мезетінде белгілі бір төлем операцияларын жүргізу үшін
нақты қаражаттар көлемін өз қолдарында ұстағысы келетінін білдіретін
қалаулары; нарықтың ақша қаражаттарына деген жалпы қажеттіліктері.
Ақша ұсынысы (M
S
) – банктен тыс айналымдағы ақша көлемі. Ол
қолма-қол ақшалар (С) мен экономикалық агенттердің талап еткенге