Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


AD-ның бағалық емес факторлары



Pdf көрінісі
бет298/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

AD-ның бағалық емес факторлары
– сол AD-ның негізгі құ-
рауыштарына, яғни тұтыну шығындарына, инвестициялық шығын-
дарға, мемлекеттік шығындарға жəне таза экспортқа əсер ететін барлық 
факторлар.
Агрегаттау
– берілген экономикалық құбылыстар мен үрдістерді 
біртұтас жиынтық ретінде жалпылама түрде көрсету жəне біріктіру. 
Аг регатталған өлшемдер нарықтық жағдаятты жəне оның өзгерісін си-
паттайды (пайыз мөлшерлемесінің деңгейі, жалпы ұлттық өнім, жалпы 
ішкі өнім, бағалардың жалпы деңгейі, инфляция деңгейі, жұмыссыздық 
деңгейі, т.б.).
Ағымдық операциялар балансы
– сауда балансының сальдосы-
нан тұратын, қызметтердің экспорты мен импорты туралы мəліметтер-
ді жəне біржақты трансферттерді (зейнетақылар, сыйлықтар, ақша ау-
дарымдары, шетелге қайтарымсыз көмек) қамтитын, сонымен қатар, 
инвестициялық табыстар балансы сальдосын да өзіне қосатын төлем 
балансының бір бөлігі.
Ағын айнымалылары
– уақытқа байланысты өлшеніп отыратын 
өзгермелілер, яғни белгілі бір уақыт, күн, ай, квартал, жыл аралығын-
да өзгеріске ұшыраған экономикалық құбылыстар ағыны (мысалы, 
халықтың жиынтық табыстары мен шығындарының өзгерістері, инвес-
тициялар, жи нақтар, мемлекеттік шығындар, экспорт пен импорт, бюд-


393
жет тапшылығы, табыс, елдегі халық саны, күн сайынғы еңбекке жарам-
ды жасқа кіретін жəне одан шығатын азаматтардың саны, жұмысынан 
айырылған жəне жұмыс тапқан азаматтардың саны, т.б.).
Акселератор
– белгілі жылда дайын тауарға сұраныстың өсуіне 
байланысты немесе табыстың артуына орай кейінгі жылдары соған 
жауап ре тінде туынды инвестициялардың бірнеше реттік өсуін сипат-
тайтын сандық коэффициент.
Ақша
– инфляциялық үрдістерді, циклдік толқуларды, экономика-
ның тепе-теңдікке жету механизмін, тауар жəне ақша нарықтарының 
тиімді жұмыс істеуін талдайтын аса маңызды макроэкономикалық ка-
тегория.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет