396
Валютаның айырбас бағамы
– əртүрлі елдер валюталарының ара-
қатынастары; бір елдің ақша бірлігі бағасының екінші бір елдің ақша
бірлігі бағасына қатынасы.
Валюталық белгіленім
– ұлттық жəне шетелдік валюта бағамын
тіркеу.
Валюталық нарық
– əртүрлі елдердің валюталары сауда-саттыққа
түсетін нарық.
Дебет
– нəтижесінде ел сатып алатын құндылықтарға айырбас
ретінде валютасы сыртқа кететін келісімдер жəне бұлар «минус» белгі-
сімен жазылады.
Девальвация
– тіркелген айырбас бағамы кезінде ұлттық валю-
таның бағамын ресми жарияланған түрде төмендету.
Дезинфляция
– бағалардың өсу қарқынының бəсендеуі.
Демпинг
– экспортер-өндірушілердің сыртқы рынокта тауарларын
ішкі бағадан төмен бағамен сатуы.
Дефляция
– инфляцияға қарама-қарсы құбылыс болып табылатын
баға мен шығындардың жалпы төмендеуі.
Достарыңызбен бөлісу: