398
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі
– əлеуетті ЖІӨ-ге сəйкес
келетін
толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі. Жұмыссыз-
дықтың табиғи (теңгерімді) деңгейі фрикицондық жəне құрылымдық
жұмыссыздық деңгейлерінің қосындысына тең. Шетелдік тəжірибеде
жұмыссыздықтың табиғи деңгейін басқаша «NAIRU» деп атайды.
Жұмыссыздықтың экономикалық емес салдарлары
– жұмысты
жоғалтудың психологиялық, əлеуметтік жəне саяси салдарлары.
Жұмыссыздықтың экономикалық салдарлары
– табысты неме-
се табыстың белгілі бір бөлігін (яғни, ағымдық табыстың төмендеуі-
нен) жоғалтудан,
сонымен қатар, біліктілікті жоғалтудан (əсіресе, жаңа
ма мандық иелері үшін) көрінеді жəне сондықтан болашақта жалақысы
жоғары беделді жұмыс орнын табу мүмкіндігі төмендеуі мүмкін.
Жиынтық жоспарланған шығындар
(АЕ) –
ашық экономикада
үй шаруашылықтарының, фирмалардың, үкіметтің жəне сыртқы əлем
субъектілерінің тауарлар мен қызметтерді
сатып алуға жоспарлаған
жалпы шығындары.
Жиынтық сұраныс
(AD) – макроэкономикалық субъектілердің
белгілі бір уақыт кезеңінде (əдетте, 1 жыл ішінде)
өндірілген соңғы тауар-
лар мен қызметтерге деген жиынтық шығындары. Ол белгілі бір уақытта
сол макроэкономикалық субъектілер тарапынан өз сұраныстарын тапқан
жиынтық шығарылым көлемінің экономикадағы
бағаның жалпы деңгейі-
мен өзара байланысын сипаттайды.
Жиынтық сұраныс қисығы
– бағаның берілген əрбір деңгейінде
сатып алынуы тиіс тауарлар мен қызметтердің
көлемін бейнелейтін
графикалық көрініс, яғни өндіріс көлемі мен бағаның жалпы деңгейі
арасындағы кері тəуелділікті сипаттайтын қисық.
Достарыңызбен бөлісу: