Кәсіпкерлік қызмет



Дата27.06.2020
өлшемі19 Kb.
#74618
Байланысты:
1 такырып


Бизнесті құқықтық алып жүру

Кәсіпкерлік қызмет – тәуекелге бел буып жасалынатын экономикалық әрекет, тауарларды өндіру және сатудан, іс-шарадан,көрсетілген қызметтерден, істелген жұмыстардан жүйелі пайда алуға бағытталған дербес қызмет. Осы мақсатта өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігі, материалдық емес активтер, сондай-ақ кәсіпкердің жеке еңбегі немесе сырттан тартылған еңбек күші пайдаланылады. Кәсіпкердің жұмсаған ақшасы өтелетеніне, өндірілген тауар пайдамен сатылатындығына кепілдік болмайды. Осыған байланысты меншікті жартылай немесе толықтай жоғалту қауіпі бар.

Көптеген елдерде кәсіпкерлік қызмет жасау үшін ресми тіркелу талап етіледі, алайда оның шарттары мен өлшемдері әр түрлі болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, кәсіпкерлік жұмыс заңды тұлғамен немесе заңда белгіленген тәртіппен тіркелген жеке тұлғамен (жеке кәсіпкер) басқарылуы мүмкін. Қазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Жалдамалы еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын кәсіпкерлік жеке еңбек қызметі ретінде тіркеледі, жалдамалы еңбекті қолдану жолымен жүзеге асырылатын кәсіпорын ретінде тіркеледі. Кәсіпкердің еңбегіне ақы төлеу нысаны, тәртібі мен талаптары шартпен айқындалады, жеке табысқа салық салынуға тиіс Меншікті мемлекет иелігінен алу, кәсіпорындарды жекешелендіру кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай туғызатын экономикалық үдерістер болып табылады. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігі пайданың көлемімен ғана емес, сондай-ақ кәсіпорынның нарықтық құнының (гудвилла) өзгеруімен өлшенеді.  Кейде әлеуметтік кәсіпкерлік бөлек санатқа жатқызылады.

Құқықтық аутсорсинг – компанияның заңи алып жүру функцияларын сәйкес құқықтық облысында мамандандырылған басқа мекемеге тапсыру.
Құқықтық аутсорсингтің келесі артықшылықтарын  атап өтуге болады:
1. Біліктіліктің деңгейі.

2. Басқару  шығындары.

3. Жұмыс орынды ұйымдастыру және асыру.

4. Білім беру шығындары.

5. Адамдық  фактор.

6. Заңгерді  ауыстыру.

7. Штаттық  заңгердің  жалақысына  байланысты  міндетті  төлемдер.

8. Шартты  бұзу.

Қазіргі қоғамның заңгер маманға деген талабына, дәрежесіне сәйкес келуі – дайындығы кәсіби стандартқа жауап беретін құқықтық және заң жұмысының негізін білуі, заңгердің қызметі – құқықтық ақпаратпен жұмыс жасай отыра, оның ішкі мәнін түсіну. Ол дегеніміз – материалдың мазмұнын, құқықты тарату мүмкіндігін бекіту, оның басқару потенциалын көтеру және т.б. Аталған жұмыстарды орындау барысында заңгерлер тек құқық көздерін ғана біліп қоймай, құжат мәтіндерін талдай алуы, қайта шыққан заңнамалық құжат актілерін салыстыру, берілген нұсқаның ішінен дұрысын іріктеу жұмыстарын тиімді атқара алады.
Жалпы заңгер кәсібіне қойылатын талаптар: нақты және теориялық білімді, қазіргі құқықтық және экономикалық қатынастарда ойлау қабілеті дұрыс, мемлекеттік саясат ағымын талқылай алатын маман болу; заңдарды білу; өзінің білімін кәсіби қызметтегі практикада пайдалана білу; мамандығы бойынша практикалық дағдыларды игеру немесе жұмысында қолдана алу қабілетінің барлығы. Заңгерлердің кәсіби мәдениеттілігі дегеніміз – басқару әдістерін білу, адамдарға әсер ету; ел арасында тәрбиелік және құқық жұмыстарын жүргізу немесе насихаттау; еңбекті ұйымдастырудың ғылыми әдісін меңгеру, үнемі біліктілігін жетілдіру; нарықтық даму жағдайында өзге адамдармен қарым-қатынас жасай білу қасиеті.

Кәсіпкерлік кодекс жобасы 8 бөлімнен, 34 тараудан және 465 баптан тұрады. Онда кәсіпкерлік қызмет үшін өте маңызды мәселелерді реттеу көзделіп отыр, атап айтқанда: кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимыл жасауына негіз болатын бірыңғай қағидаттар бекітіледі, дау­ларды соттан тыс және сотқа дейін реттеу, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл және инвестициялық омбудсмен бойынша жалпы ережелерді бекіту арқылы кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау нысандары мен тәсілдері жүйеленеді, шағын кәсіпкерлікті, агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық жердегі кәсіпкерлік қызметтің ауылшаруашылық емес түрлерін, отандық тауар өндірушілерді, арнайы экономикалық аймақтарды, инвестициялық және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары жүйелі түрде бекітіледі.

 Қабылданған Кодекс Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік еркіндігін қамтамасыз ететін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктерді айқындайды, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылына, оның ішінде кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге және қолдауға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. Негізгі мақсат – бизнесті жүргізуге барынша оңтайлы жағдай жасау, инвестициялар ағынын ынталандыру, кәсіпкерлікті қолдау. Кәсіпкерлік кодекс сегіз бөлім, 34 тарау және 465 баптан тұрады. Онда кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі және мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуының жаңа тәртібі белгіленген.

      Кодекс 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және келесі 6 заңның күші жойылды. Олар:

1)«Шаруа немесе фермер қожалығы туралы» Заң;

2)«Инвестициялар туралы»Заң;

3) «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Заң;

4) «Бәсекелестік туралы» Заң;



5) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заң;

6) «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заң.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет