Еркін қалқымалыайырбас бағамы – Орталық банктің валю-
талық нарықта нарықтық сұраныс пен ұсыныстың əсерінен айырбас
бағамының еркін түрде құбылуына жол беруі.
Есептік мөлшерлемені өзгерту (қайта қаржыландыру ставка- сы) – Орталық банктің коммерциялық банктерге қарызға беретін өз
резервтеріне тағайындайтын пайыз мөлшерлемесін өзгертуі.
Жан басына шаққандағы ЖІӨ – елдер арасындағы экономикалық
өсуді жəне экономикалық жағдайларды салыстыру үшін қолданылатын
өсуді нақты өлшей алатын əдіс.
Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) – кез келген азаматтардың өз елі
ішінде жəне басқа елдерде өзінің ұлттық капиталы көмегімен бір жылда
өндірген жəне сатқан тауарлары мен қызметтерінің нарықтық құндары -
ның жиынтығы.
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – сол елде тұратын өндірушілер капи-
талының ұлттық сипатына қарамастан бір жылда өндірген жəне сатқан
тауарлары мен қызметтерінің нарықтық құндарының жиынтығы.
Жинақтауға деген орташа бейімділік (АPS – average propencity
to save) – үй шаруашылықтарының жинақтауға қалдыратын қолда бар
табыс тарының бөлігі.
Жинақтауға деген шекті бейімділік (MPS – marginal propencity
to save) – қолда бар табыстың кез келген өзгерісінде жинақ өсімінің
пайыз дық үлесі.
Жинақтаушы мекемелер – халықтың жинақтарын жинайтын жəне
тұрғын-үй құрылысына инвестиция салу үшін ақша капиталын пайда-
ланатын ұйымдар.
Жұмыс күші – адамның еңбекке деген қабілеттілігі; адамдардың
игіліктерді өндіру үрдісіндегі физикалық жəне ой қабілеттіліктерінің
жиын тығы; елдегі жұмыскерлердің жалпы саны; жұмыспен қамтылған
мен жұмыспен қамтылмаған (жұмыссыздар) халықтың бір бөлігі.
Жұмыссыздық – еңбек ұсынысының еңбекке деген сұраныстан
артып кетуі; еңбекке жарамды халықтың жұмыс таба алмауы немесе
жұмыспен қамтылмауы.