120
мультипликатордың іске қосылуының мəні мынада: мемлекеттік
шығындар мен салықтардың белгілі бір уақытта бірдей шамаға
(∆G = ∆T)
өсуі кезінде, өндірістің тепе-теңдік көлемі де дəл сол
шамаға артады, ∆Y = ∆G = ∆T.
Айталық, үкімет қосымша мемлекеттік шығындарды жабу
үшін салық саясатын қатаңдатып,
салық мөлшерлемелерін кө-
тер ді. Сөйтіп, осы шараларды іске асырудың нəтижесінде мем-
лекеттік шығындар да, салықтық түсімдер де 100 мың теңгеге өсті
делік. Тұтынуға шекті бейімділік 0,8-ге тең. Енді бұл жерде үкімет-
тің жүргізген шараларының салдарынан
туындаған өндірістің
тепе-теңдік көлемінің өзгеру шамасын анықтау қажет. Ол үшін
мемлекеттік шығындар мен салық мультипликаторларының
мəндерін анықтаймыз:
m
g
= ∆Y / ∆ G = 1 / 1 – MPC = 1 / MPS = 1/ 0,2 = 5,
m
t
= ∆Y / ∆T = −MPC / 1 – MPC= – 0,8 / 0,2 = –4.
Бұл жағдайда мемлекеттік шығындар есебінен болған Y-дің
өсімі мынаны құрады:
∆Y
g
= ∆G×m
g
= 100 × 5 = 500.
Ал
салықтардың өсуі нəтижесінде
болған Y-дің қысқаруы
мынаған тең болды:
∆Y
t
= ∆T×m
g
= 100 × (–4) = –400.
Олай болса, ұлттық өндіріс көлемінің жалпы өзгерісі мынаған
тең болады:
∆Y = ∆Y
g
+ ∆Y
t
= 500 – 400 = 100, яғни өндіріс көлемі
мемлекеттік шығындар мен салықтардың
бастапқы өзгерістері
сияқты шамаға өзгереді.
Бұл қорытынды экономикадан 1989 жылғы Нобель сый лы-
ғының иегері, норвегиялық ғалым Трюгве Хаавельмо атымен
байланысты
Достарыңызбен бөлісу: