105
бөлшектеу керек болады. Балалар оқу міндеттерін соған ұқсас күнделікті
жағдаяттары ауыстыруды үйренеді.
Оқу іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары: оқу
және практикалық міндеттердің байланысы;
оқытудың баланың жеке
тәжірибесімен байланысы.
Ересек мектеп жасында
оқу міндеттері айқын оқу-танымдық си-
патта болады (біз схеманы пайдаланып сөйлем құруды үйренеміз).
Мұнда білім меңгеруде ақыл-ой әрекетінің өнімді тәсілдерін меңгеру
негізгі орын алады, шығармашылық, проблемалық сипаттағы тапсыр-
малар пайдаланылады.
Балаларға сабақ бойы барлық оқу тапсырмаларын есте ұстау қиын
болады. Сондықтан біртіндеп оқу тапсырмалары күрделілендіріледі.
Педагог оқу тапсырмаларын,
олардың логикасын, көлемін жекелеген
тапсырмалардан жүйеге көшіреді. Оқу
тапсырмаларында балалардың
меңгеруіне тиісті ақыл-ой және практикалық іс-әрекетті айқын көрсету
қажет. Педагог оқу әректін талдайды,
оны оқу тапсырмаларын
түсінгендігі мен іс-әрекеттің берілген тәсілдермен арасында байланыс
орнатады. Оқу тапсырмасы сабақ барысында қосымша тапсырмалар-
мен толықтырылады. Оқу тапсырмаларын
орындағанда балалардың
жеке тәжірибесіне, танымдық қызығушылығына сүйенген маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: