208
сында арнайы картографиялық қағазда бастырылады. Алюминий
табақшадағы баспа қалыптары көп
тиражды карталарды басып
шығаруға шыдайды.
Картаны құрудың əр кезеңінде оның мазмұнына түзетулер
енгізіліп сараланады, басу сапасы тексеріледі,
кеткен қателері
мен ескертулерге түзету енгізіледі, бояудың ығысуы, басқа да
кемшіліктер жойылады.
Картаны жасаудың заманауи компьютерлік техноло-
гиялары.
Қазіргі кезеңде компьютерлік технологиялар карта-
ны құру мен жасаудың негізгі əдістеріне айналды. Олар əртүрлі
аумақтарға кестетік жəне деректер базасын қалыптастыруға,
оларды кеңейту жұмыстарын жүргізуге,
көп астарлы карта
ға
түсіру үшін пайдалануға, талдау міндеттерін шешуге мүмкіндік
бере ді.
Компьютерлік технологиялар карталарды құру, рəсімдеу
жəне басып шығаруға дайындау жұмыстарын біртұтас үрдіске
айналдыруға; алынған картографиялық
шығармалардың жоғары
кестетік сапасы мен қолайлы сақталуын қамтамасыз етуге, олардың
эстетикалық, эргономикалық жəне
коммуникативтік қасиеттерін
жақсартуға жəне картографиялық ақпаратты қарапайым
жаңартуға мүмкіндік береді. Қандайда бір компьютерлік техно-
логияны таңдау құрылатын картаның
атқаратын қызметі мен пай-
далану əдістеріне байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: