Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Ірі масштабты сұлбалар (пландар)



Pdf көрінісі
бет207/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Ірі масштабты сұлбалар (пландар). 
1:25000 жəне одан-
да ірі масштабты топографиялық карталар аэрофототүсіру 
материалдарының негізінде құрылады. Біршама ұсақ мас-
штабты карталар ірі масштабты карталарды камералық 
өңдеу арқылы жасалады. Далалық кескіндеу жұмыстарының 
нəтижелеріне сүйеніп құрылған топографиялық карталарды 
алғашқы
, ал оларды камералық өңдеу арқылы құрылған карта-
ларды 
өңделген
карталар деп атайды.
Элипсоид жазықтық ретінде қабылданатын көлденең (орто-
гональды) проекциямен құрылған жер бетінің шектеулі шағын 
бөлігінің кескіні 
сұлба
деп аталады.
Масштабты өзгермелі болып келетін біршама ірі аумақты 
қамтылған карталардан айырмашылығы барлық нүктелерінде 
масштаб бірдей болатындықтан сұлбада (планда) жергілікті 
жердің ерекшеліктері жан-жақты əрі нақты бейнеленеді.
Элипсоидтың бетін жазықтыққа ауыстыру барысында кар-
тада кескінделетін аумақтың мөлшері мен пішініне байланы-
сты жергілікті жердегі сызықтардың ұзындығы мен биіктігінде 
қателіктер кетеді.
Арақашықтық 10 шақырым болғанда ұзындықтан 
кететін қателік небəрі 0,01 метрді құраса, 50 шақырымда ол 
көрсеткіш 1,02 метрге дейін артады. Ірі масштабты карта-
лар мен сұлбаларды құру мақсатында жүргізілетін өлшеу 
жұмыстарының дəлдігі жазықтық ретінде қабылданған жердің 
бөлігінің мөлшеріне тікелей байланысты. Мысалы, егер 50 
шақырым арақашықтықта ұзындықтан кететін қателік 1 
метрді құраса, ол 1:50000 масштабты картаның талаптарын 
қанағаттандырғаны мен жергілікті жердегі 50 шақырымға 
дейінгі арақашықтықта тек диаметрінде ғана кескіндеу мүмкін 
болады.
Ұзындықтан кететін қателіктер аз болғанымен нүктенің 
биіктігінен кететін қателіктер өте үлкен болғандықтан 


250
өлшенген биіктіктерге түзету енгізіледі немесе жергілікті 
жердің кескіндік сұлбасын ғана тұрғызады.
Топографиялық сұлбалар
(пландар) 1:2000 жəне одан-
да ірі масштабта құрылады. Олар техникалық жобалар мен 
инженерлік қала шаруашылығында қолданылады. 1:10000 нан 
1:200000-ға дейінгі карталар тығыз карталар деп аталады.
Топографиялық пландарда жергілікті жердегі пландар мен 
жер бедерінің элементтері кескінделеді. Ұсақ масштабты кар-
талардан айырмашылығы жергілікті жердегі нысандардың 
кескіні айқын болуы.
Көлденең қима-сызбалар. Жергілікті жердің белгілі 
бір масштабпен кішірейтіліп алған тік бағыттағы қимасын 
көлденең қима-сызба
деп аталады. Ол жергілікті жерде 
жүргізілетін биіктіктік кескіндеу нəтижелерінде жинақталған 
деректерді камералық өңдеуден өткізу арқылы құрылады. Ар-
найы шартты белгілермен кескінделген аумақтың геологиялық 
құрылысын, өсімдіктер мен топырақ жамылғысын, сонымен 
қатар табиғаттың құрамдас бөліктерінің арасындағы өзара 
байланыстарды ашып көрсетуге болады. Көлденең қима-сызба 
жер бетінің белгілі бір бөлігінің жер бедерінің ерекшеліктерін 
көрнекі түрде жан-жақты ашып көрсетуге мүмкіндік 
беретіндіктен көптеген ғылыми-тəжірибелік міндеттерді ше-
шуде кеңінен қолданылады. 
Оны құру үшін картаның бетіндегі екі нүктенің арасы-
на түзу сызық жүргізіп, көршілес жатқан екі горизонтальдың 
арақа шықтықтағы (d) мен олардың абсолют биіктіктеріне (h) 
негізделіп құрылады. Көлденең қима-сызбалар тұрғызу үшін 
кар таның масштабына сəйкес келетін немесе одан біршама ірі 
көл денең масштаб
пен одан 5, 10, 15 есе ірі болатын 
тік масш-
т а б
алы нады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет