Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет206/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

247
7 - т а р а у.
 
ТОПОГРАФИЯЛЫҚ КАРТАЛАРДЫҢ ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ 
НЕГІЗДЕРІ
7.1. Топографиялық пландар мен карталар, көлденең 
қима-сызбалар. Ірі масштабы карталарда қолданылатын 
масштабтың түрлері
Жергілікті жердің шағын аумағындағы табиғи жəне əлеумет-
тік-экономикалық нысандардың орналасу ерекшеліктері мен 
негізгі қасиеттерін айқындауға мүмкіндік беретін ірі жəне орта 
мас 
штабты жалпы географиялық карталар 
топографиялық 
кар та лар
деп аталады.
1:25 000 дейінгі ірі масштабты топографиялық карталар 
жергілікті жерде стеорофотограмметриялық приборлардың 
көме гімен жүргізілген аэрофототүсіру жұмыстарының нəтиже-
сінде алынған деректер мен бұрын құрылған біршама ірі 
масштаб ты карталарды камералық өңдеу негізінде құрылады. 
Құрлықтың топографиялық карталарын құрумен Қазақстан 
Рес публикасының жер корларын басқару жөніндегі агентті гінің 
«Картография» мемлекеттік қазыналық кəсіпорны, республи-
калық геодезия жəне картография комитеті, қарулы күштердің 
Бас штабының əскери-топографиялық қызметі айналысады. 
Жоғары 
да аталған барлық құрылымдар картаны құру бары-
сында мазмұ нын, дəлдігін, қызметі мен құру жұмыстарының 
ережелерін айқын 
дайтын «Топографиялық карталарды құру 
жөніндегі негізгі ережені» басшылыққа алады. 
Топографиялық карталарда үлкен аумақ ірі масштабты көп 
бетті карталарда кескінделеді. Картаның əр беті шағын аумақты 
қамтитындықтан жер элипсоиды бұрмаланбай немесе шама-
лы ғана ауытқып түсіріледі. Картографиялық жинақтау жеке 
нысан дардың бұрмалануынан сақтайды. Масштабы кішірейген 
сайын картада қамтылған нысандар кескінінің дəлдігі кеми 
бас тай ды. 


248
Топографиялық карта мазмұнының негізгі құрамдас 
бөліктеріне жер бедері, өсімдіктер жамылғысы, су торлары 
сияқты табиғи нысандар; өндіріс орындары, елдімекендер, 
қатынас жолдары, электр жəне байланыс желілері тəрізді 
əлеуметтік-экономи калық нысандар жатады. Олар картаның 
масштабына сай ірікте 
ліп алынып, кеңістік-бейнелі шартты 
белгілермен кескін деледі.
1:10 000 нан 1:100 000-ға дейінгі ірі масштабты карта-
ларда қамтылған барлық нысандар алты түсті бояумен, ал 
1:200 000 мыңдық масштабты карта сегіз түсті бояумен 
кескінделеді. Олардың алтауы алдыңғы, ал екеуі артқы бетінде 
беріледі. Картографиялық кескіндеу геометриялық дəлдік пен 
географиялық сəйкестік сияқты екі қасиетті сақтауы тиіс.
Топографиялық картаның көрнекілігін, сандық жəне сапа-
лық сипаттарын айқындайтын мазмұнының əрбір құрамдас 
бө 
лік 
тері аудандық жəне сызықтық масштабты, масштаб-
тан тыс, түсін 
дірмелі шартты белгілермен кескінделіп, 
атаулардың меншікті неме се түсіндірмелі жазулары əр түрлі 
бояулармен беріледі. Топо 
гра 
фиялық карталардың əр беті 
шартты белгілермен берілетін картографиялық кескіндеуді
математикалық негізде құруды, сонымен қатар, қосымша 
жабдықтауды қамтиды.
Картаның құрамдас бөліктерінің кешені əртүрлі мас-
штабты карталарға арналған нұсқаулар мен ережелер-
ге, сонымен қатар, шартты белгілер кестесіне негізделеді. 
Картаның математикалық негіздері геометриялық қасиеттерін, 
картографиядық кескіндерді өлшеу мүмкіндігін қамтамасыз 
етеді. 
Картаның жабдықтаушы құрамдас бөліктеріне шартты 
белгілердің кестесі, координаттар торы, сызықтық масштаб, 
горизонталь аралық ұзындықтың кестетік кескіні, магниттік 
ауытқу бұрышының сызбанұсқасы тағы басқалар жатады. 
Топографиялық карталар ғылыми-зерттеу, əскери, өндірістік 
жəне оқу мақсатында қолданылатын жергілікті жердің 
ерекшелік тері жөніндегі маңызды ақпараттар сақталатын де-
рек көзі болып табылады. Олар жергілікті жерде бағдарлауға 


249
мүмкіндік беретін сенімді жолбасшы қызыметін атқарумен 
қатар, қатынас жолдары мен ірі өндіріс орындарының 
құрылыстарын жобалағанда, ауылшаруашылық жерлері мен 
орман алқаптарын пайдалану жəне тағы басқа мақсаттарда 
қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет