Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Топографиялық карталарды масштабына қарай жіктеу



Pdf көрінісі
бет214/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Топографиялық карталарды масштабына қарай жіктеу. 
Топографиялық карталар масштабына қарай екі үлкен топқа бөлі неді. 
Олар1:200 000 дейінгі ірі жəне 1:200 000 нан 1:1 000 000 де йін гі орта 
масштабты карталар. 1:200, 1:500, 1:1000, 1:2000 жəне 1:5000 ірі 
масштабты топографиялық пландар құрылыс-мон таж жұ мыс тарын 
жүргізуге қолданылса, 1:25 000, 1:50 000, 1:100 000 мас штабты кар-
талар жергілікті жерде бағдарлау, əскери, оқу, гео ло гия лық барлау 
басқа өлшеу жұмыстарын жүргізу бары сын да қол данады. 
Масштабтың дəлдігі топографиялық сұлбалар (пландар) мен 
карталарда кескінделген нысандардың қайсысын алып тастау 
қажеттігін анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, 1:10000 масштаб-
ты картада мөлшері 1 метрден кем нысандар кескінделмейді неме-
се масштабтан тыс шартты белгімен көрсетіледі. Топографиялық 
картаның масштабы онда кескінделген нысандардың іріктелуі 
мен дəлдігіне тығыз байланысты. Масштабы іріленген сайын 
оның алымы да артады. Халық шаруашылығының салаларында, 
ғылым мен қорғаныстың қажеттілігін өтеу үшін əртүрлі масштаб-
ты стандартты топографиялық карталар қажет.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік топографиялық 
карталары метрлік ондық жүйеге негізделген бірқатар стандарт-
ты масштабта құрылған.
17–1171


258
1:5000-1:200000 масштабтылар нағыз топографиялық, 
1:500 000-1:1 000 000 масштабтылар топографиялық шолу кар-
талары деп аталады. Соңғыларының дəлдігі мен нақтылығы 
нағыз топографиялық карталарға қарағанда төмен болғанымен 
жеке беттері кең көлемді аумақты қамтиды. Аталған карта-
лар жергілікті жермен жалпы танысып бағдарлау мақсатында 
қолданылады [7.1-кесте].
7.1 кесте.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет