7.3. Ірі масштабты карталардың геодезиялық негіздері. Топографиялық карталардың номенклатурасы Топографиялық карталардың геодезиялық негіздері
нысандардың картада дұрыс орналасуын қамтамасыз етеді. Оны
мемлекеттік геодезиялық торлар (жоспарлы жəне биіктіктік) мен
кескіндеу негіздемесінің жекелеген нүктелері құрайды. Жоғарыда
аталған қосындардың нақты координаттары елдімекендерді карта-
да кескіндеу қызметін атқаратын арнайы каталогтарда сақталады.
Карталарды қағаз бетіне түсіру үшін алдымен координаттар торы
құрылады да, оған 0,2 мм дейінгі дəлдікпен трапециялардың
бұрыштары мен геодезиялық негіздердің қосындарын
кескіндейді. Содан кейін олардың араларына жергілікті жердегі
нысандардың картографиялық кескінін бейнелейді. Картаның
дəлдігін онда қамтылған нысандардың кескінінің геодезиялық
тірек нүктелеріне қатысты орны айқындайды. Ережеге сəйкес
жергілікті жердегі заттардың орны мен кескінінің жақын маңдағы
геодезиялық қосынға қатысты қателігі жазықтарда –0,5 мм, та-
уларда-0,75 мм аспауы тиіс. Геодезиялық торлар мен ширек
нүктелері арқылы жердің физикалық бетінен элипсоидқа жəне
одан картаға өтуі іс жүзінде жүзеге асырылады. 1:1 000-1:100
000 карталарға 1, 2, 3 класты барлық геодезиялық қосындар
түсіріледі. Геодезиялық қосындар құрылыс, жол салу, əскери
жəне оқу жұмыстарында жергілікті жермен байланыстыратын
тірек нүктесі ретінде қолданылады.