Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет224/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

7.7 сурет

Гаусс пен Крюгердің көлденең цилиндрді проекциясымен 
құрылған карталарда 6º зоналардың жазықтықта кескінделуі


266
Халықаралық милиондық 1:1 000 000 масштабты кар-
талардың номенклатурасы. 
Географиялық карталардың мас-
шта бының, шартты белгілер мен мазмұнының алуантүрлі болуы 
ХІХ ғасырдың соңында əртүрлі елдерді салыстыра отырып оқып 
үйренуді қиындатты. 1891 жылы Берн қаласында (Швейцария) 
өткен V Халықаралық конференцияда Вена университетінің про-
фессоры Альберт Пенк (1858-1945) бүкіл жер беті үшін бір проек-
циясы, шартты белгілері мен мазмұнының іріктелуі бір текті 1:1 
000 000 масштабты карталарды құруды ұсынды.
Мұндай карталар Халықаралық милиондық масштабты карта-
лар деп аталады. Ол 1909-1913 жылдары арнайы ұйымдастырылған 
кон ференцияларда қарастырылды. Халықаралық милиондық мас -
штабты карталарды құру жұмыстарын І жəне ІІ дүниежүзілік соғыс 
тежегендіктен, іс жүзінде ол 1945 жылдан кейін қолға алын ды. 
1962 жылы Біріккен ұлттар ұйымының миллиондық масштаб-
ты картаны құру жөніндегі техникалық комиссиясы аумақты жал-
пы оқыпүйренуді; экономикалық даму жоспарын құру кезінде; 
əртүрлі тақырыптық карталарды құруға негіз болатын; 1:1 000 000
топографиялық карталардың масштабтық қатарын құруға негізге 
алу мəселелерін шешуді көздейтін жаңа бағдарлама қабылдады.
Осы бағдарлама бойынша құрлық бетінің 1100-1150 1:1 000 000 
масштабты карта құруға тура келеді. Гаусс пен Крюгердің тең 
бұрышты көлденең цилиндрлі проекциясымен құрылатын 
Халықаралық миллиондық масштабты карталар барлық масштаб 
қатарының карталарын құруға негіз болу қызметін атқарады. 1:1 
000 000 масштабты картаның əр беті бойлық бойынша мериди-
андары 6°, ендік бойынша параллельдері 4° бөлінетін трапеция 
түзеді. Ол Жер беті аумағын қамтитын картаның жеке беттерін 
сауатты бөлуге негізделген. 1:1 000 000 масштабты картаны құру 
барысында əр бетін жүйелеу мен санын айқындау ең қыйын əрі 
күрделі мəселе екенін көрсетеді. Бір масштабты картаны санмен 
белгілеу басқа масштабты картаның беттерін санмен белгілеумен 
тығыз байланыста болуы тиіс. Бұл мəселені шешуге картаның 
атауы мен санмен белгілеу жүйесі 
номенклатураны
пайдалану 
арқылы шешіледі.
Кең көлемді аумақты қамтитын топографиялық карталар 
жеке беттерде кескінделеді. Кең көлемді аумақты қамтыған 


267
топографиялық карталарды жеке беттерге бөлу жүйесі 
беттеу
деп аталады. Картаның əр беті параллельдер мен меридиандар мен 
шектелетіндіктен кескінделген аумақтың жер элипсоидындағы 
орны ішкі бұрыштаманың қиылыстарында нақты көрсетіледі.
Масштабы мен географиялық орнының ерекшелігін ескеріп 
топографиялық карталарды жеке беттерінің атауын анықтау 
қызметін атқаратын жүйе 
номенклатура
деп аталады [7.8-сурет]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет