271 7.10 сурет . Талдықорған қаласы орналасқан 1:1 000 000 масштабты
картаның L-44 бетін 1:200000 картаға бөлу
1:100000 масштабты картаны құру үшін 1:1 000 000 масштаб-
ты картаның L-44 бетін ендік жəне бойлық бағытта теңдей 12
бөлікке бөліп, 1:100 000 масштабты картаның 144 бетін алып,
араб санымен белгілейді [7.10-сурет]. Əр бетіне 1:100 000 мас-
штабты картаның номенклатурасына араб санын қосып жазады.
1:100 000 масштабты картаның əр бетін шектейтін меридиан мен
параллельдің санын анықтау үшін 1:1 000 000 масштабты карта-
ны шектейтін меридиандар мен параллельдердің санын минутқа
айналдырып шыққан санды 12 бөледі [7.11-сурет].
φ=4ºх60’:12=20’
λ=6ºх60’:12=30’
1:50 000 масштабты картаның жеке беттерін құру үшін 1:100 000
масштабты картаның бір беті ендік жəне бойлық бағытта тең екіге
бөлініп, 1:50 000 масштабты картаның 4 беті алынды. Əр беті орыс
əліпбиінің бас əрпімен белгіленіп, 1:100 000 масштабты картаның
номенклатурасына қосып жазылды. 1:50 000 масштабты картаның
əр бетін шектейтін меридиандар мен параллельдердің санын
анықтау үшін 1:100 000 масштабты картаның əр бетін шектейтін
меридиандар мен параллельдердің минутын екіге бөлеміз.