«Күйкен орта мектебі» КММ
Семинар сабақ
Ф И З И К А Л Ы Қ О Й Ы Н Ы
Жолдас Камила Жолдасқызы
2017-2018 оқу жылы
«Қызықты физика»
физикалық ойынының бағдарламасы
Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттері мен
жағдаяттан шығу дағдыларын дамыту, танымдық белсенділіктері мен пәнге
қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін
қалыптастыру. Оқушыларды көпшілік ортада сөйлеуге және өз ойын еркін айта
алуға дағдыландыру, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ойынның слайдтары, қобдиша, физикалық приборлардың суреттері, оқушылардың шығармашылық көрмесі, физикалық тәжірибе жасауға арналған құралдар,
Әдіс-тәсілдері: ауызша жауап беру, тәжірибе жасау, сұрақ-жауап.
Формасы: ойын сабақ
БАРЫСЫ:
Ойынның шарттары:
ТАНЫСТЫРУ (әр топ тобын, ұранын айту);
«КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар);
«ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп);
«КІМ ТАПҚЫР!» (Ғажайып жетілік);
«ОЙЛАН ТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);
СЕРГІТУ СӘТІ. (Кел, күлейік!)
«ТІЛ - ӨНЕР» (жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару)
«Физикалық диктант...»
- Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Қызықты физика» атты физикалық ойынына қош келдіңіздер!
Уа жарандар, жарандар!
Бәрің бері қараңдар.
Бәріңе жар салайық,
Жылдам шешіп жарысып,
Сұрақ пенен есепті.
Приборларды сөйлетіп,
Жасайық тәжірибені.
Көңілді ойын жасайық,
Асықпайық, саспайық.
Физиканың еліне
Батыл қадам жасайық,
Осылайша шабытпен,
Ойынымызды бастайық!
- Ойынға қатысушы оқушыларға сәттілік тілей отырып, ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Достарыңызбен бөлісу: |