Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттері мен
жағдаяттан шығу дағдыларын дамыту, танымдық белсенділіктері мен пәнге
қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін
қалыптастыру. Оқушыларды көпшілік ортада сөйлеуге және өз ойын еркін айта
алуға дағдыландыру, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:презентация, қобдиша, физикалық приборлардың суреттері, оқушылардың шығармашылық көрмесі, физикалық тәжірибе жасауға арналған құралдар,
Әдіс-тәсілдері: ауызша жауап беру, тәжірибе жасау, сұрақ-жауап.
Формасы: сайыс
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!Қазанның 16-22 аралығында мектебімізде «МИФ ғылымдар патшасы» математика, информатика, физика апталығы өтуде. Соған орай 7-8 сыныптар арасында өткелі отырған «Ғажайып физика»атты шарамызға қош келдіңіздер!
Физиканың еліне
Батыл қадам жасайық,
Осылайша шабытпен,
Сайысымызды бастайық!
Сайысқа қатысушы оқушыларға сәттілік тілей отырып, ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Ойынға 2 топ қатысады.
«Ойшылдар» тобы - 7а
«Тапқырлар» тобы - 8а
БАРЫСЫ:
Сайыстың шарттары:
ТАНЫСТЫРУ (әр топ тобын, ұранын айту);
«КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар);
«ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп);
«КІМ ТАПҚЫР!»
«ОЙЛАН ТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);
«СЕРГІТУ СӘТІ» (Кел, күлейік!),
«ТІЛ - ӨНЕР» (жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару);
1.ТАНЫСТЫРУ (Сайысқа қатысушы екі топ өздерін таныстырады.)
1-топ: «Ойшылдар» тобы Ұраны: Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн ойында ойшылдықпен аламыз.
Сәлемдесуі: Достарым ерігіп жүрме бос,
Қол ұстас, бірігіп тізе қос.
Жеңіспен мәреге барайық,
Жеңістің ұранын салайық.