Презентация, қобдиша, физикалық приборлардың суреттері, оқушылардың шығармашылық көрмесі, физикалық тәжірибе жасауға арналған құралдар



бет5/5
Дата11.05.2023
өлшемі70 Kb.
#176480
түріПрезентация
1   2   3   4   5
Байланысты:
«Ғажайып физика» - сайыс сабақ - 7-8 сыныптар

7. «ТІЛ - ӨНЕР» (жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару);
Дұрыс жауапқа қазақ тілінде10 ұпай, орыс тілінде10 ұпай, ағылшын тілінде10 ұпай.
Сұрақтар:
1.Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланады күн сайын жарық үшін. (ток, ток, energy)
2.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да.
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш, линейка, ruler)
3. Суға салсаң батпайды,
Отқа салсаң жанбайды. (мұз, лед, ice)
4. Қабат-қабат қаптама,
Ақылың болса аттама. (кітап, книга, book)
5.Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа, воздух, air)
6. Жұрттың бәрі соны сүйеді,
Бірақ қарағысы келмейді. (күн, солнце, sonne)
Екі топтың ойыншыларының бағалау парағы бойынша қорытындысын шығарғанша ортада «Физика тұрмыста» атты көрінісімізді тамашалаңыздар.
Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендеріңізге көп рахмет!
Шын сезінген көрерменге
Айтамыз біз мың рахмет! – дей келе, келесі кездескенше күн нұрлы болсын!

Ендігі кезекте 7-8 сынып оқушыларының «физика тұрмыста» атты көрінісін тамашалайық!


«Физика тұрмыста»
Сахнада үтік пен плитка өзара артықшылықтарын айтып, мақтанып жатады.,
Плитка: Менің адамдарға тигізетін пайдам өте көп. Менің қызуыма олар тамақ пісіреді, шай кофе қайнатады.
Үтік: Менің де пайдам өте көп. Менсіз ешкімнің де киімдері үтіктелмейді. Әне, сен, өзіңнің үсті – басыңа қарашы, костюм – шалбарыңның қырын көрдің бе? Бұл менің арқам.
Плитка: Сен таңертең хош иісі, күрең шаймен ұйқыңды ашып, сабақта сергек жүресің, ол да менің арқам, Киім үтіктегенен басқа не білесің?
Үтік: Кейде плитка бұзылып қалғанда адамдар мені төңкеріп қояды да шәй шығарады.
Ток көзі: Әй, таласпаңдар, екеуіңе не болған? Мен сендерге тоқ беріп тұрмасам, сендердің керектерің қанша? Қазір өшіп қалайыншы, екеуіңнің де денелерің мұздап, керексіз болып қаласыңдар.Кішкене жан – жақтарыңа қарасаңдаршы. Отырмыз ғой үндемей. Қазір мен мына екі шамды жағамын.
Бірінші шам: Ой менің температурам көтеріліп барады.
Екінші шам: Кедергі реостаттар қайда? Ұйықтап қалған ба?
Реостат: Мен кедергіні жасап тұрмын,
Амперметр: Қазір мен тоқты өлшеп жіберейін,. Тоқ бірқалыпты.
Вольтметр: Мен де кернеуді өлшеп жіберейін. Ия, екеуіңде де кернеу бірқалыпты екен.
Амперметр: Сен бір шамды жағып жібердің.
Вольтметр: Менің қандай кінәм бар, мұны істеген реостат қой.
Реостат: Сендерге не болған, кедергіні мен дұрыс жасадым. Білсем, кінә сақтандырғыштарда ғой деймін.
Сақтандырғыш: Вольтметр сен ылғи кернеуді дұрыс өлшемейсің барлық салмақ маған түседі. Міне, тағы да жанып кеттім. Сендер үшін күніне бір өліп, бір тірілемін.
Ток көзі: Тынышталыңдар, тынышталыңдар. Қожайынымыз келе жатыр.
Плитка: Шай қайнаған жоқ, ұят болды- ау.
Үтік: Киімдерін де үтіктей алмайтын болды.
Шам: Қап – қараңғы болып көзі де көрмей қалатын болды- ау.
Сақтандырғыш: Көрдіңдер ме менің қызметім қандай екенін?
Қожайын келіп шамды жағады. Плитканы қосады, үтік ті де қосады. Ешқайсысы да қосылмайды. «е, е сақтандырғыш жанып кеткен екен ғой» - деп оны жөндеп қосады. Плитка ысып шай қайнайды.
Қожайын: Ей, электр құралдары, сендер жеке- дара жан – жаққа тартпаңдар. Бәріміз бірігіп қызмет етейік. Адамдарды бір қажетіне жарайық. Келіңдер, бәріміз тізбектей қосылып, көңілді ән айтайық.

Қол ұстасып қанекей
Тізбек құрып көрейік
Қызмет етіп адамға
Тек игілік берейік.

36 орта мектебі




Сыныптан тыс шара


Қызықты физика
(7-8 сыныптар арасында)


Пән мұғалімі: Хайрлина Н.

Атырау, 2014-2015

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет