Орта орбиталы жер серіктік навигациоялық GPS жүйесі . 1960 жылы атомдық сағаттың жасалуына байланысты
навигациялық мақсатқа координаттық белгілерді синхрондап, дəл
бере алатын қабылдағыштар торын құруға мүмкіндік 1964 жылы
АҚШ əскери əуе күштері орналасқан орынды анықтау үшін жалған
кездейсоқ шулар кодтармен үлгіленген кең жолақты сигналдарды
пайдалану мүмкіндіктерін жасауға жəне оларды сынауға кірісті.
1973 жылы əскери əуе күштерінің бағдарламалары «Навстар-
GPS» жалпы технологиялық бағдарламаға біріктірілді. Бірақ
жүйе тек 1995 жылы толығымен іске аса бастады. Бүгінгі таңда
GPS (Global Positioning System – ғаламдық позициялау жүйесі)
құрамына Жердің 30 астам серіктері кіреді. Бүгінгі таңда 100-
ге тарта компаниялар əуе, су, автомобиль, теміржол көліктерінен
бастап құрылыс пен жерді орналастыруға дейінгі адам əрекетінің
көптеген салаларында қолданылатын қабылдау құрылғыларының
шамамен 600 түрін шығарады.
GPS жүйесі жылдамдық пен уақыттың векторларына сəйкес
келетін қозғалыстағы əртүрлі нысанның орналасқан орнының
үш координатын анықтауға арналған. АҚШ көрсетілетін қыз мет -
теріне қандайда бір арнайы ақы төлеуді қажет етпейтін азамат тық,
коммерциялық жəне ғылыми мақсатта пайдалану үшін GPS жүйесін
стандарттық режимде ұсынады. Ғарыштық сегмент ша ма мен 20
000 шақырымға дейінгі биіктіктегі 6 шеңберлі орбитада ор на лас қан
31 ғарыш аппараттарынан тұратын орбиталық топ тү зеді. Ғарыш
аппараттар орбитаны 12 сағатта бір рет толық ай на лып шығады.