324 ГЛОНАСС Жерсеріктік навигациялық жүйелері. Жердің жасанды серігін «Космос 1413» ұшырылуына байла-
нысты Ресейдің орта орбиталық навигациялық жүйесін ұшыру
сынақтары 1982 жылы қазан айында басталды. ГЛОНАСС
жерсеріктік навигациялық жүйесін қолданысқа енгізу 1995 жылы
аяқталып, штаттық құрамы 24 ғарыш аппаратына жетті.
Ресейдің зияткерлік меншігі болып табылатын ГЛОНАСС
АҚШ-тың GPS жүйесіне қарағанда орбитада қызмет еткен
уақыты қысқалау болды. ГЛОНАСС ғарыштық жерсеріктер
бағын əлсіз қаржыландыруға байланысты олардың саны 10…12
бірлікке дейін кеміді. Жүйе толық қанды жұмыс істеу үшін ғарыш
аппараттарының саны 18 кем болмауы тиіс.
ГЛОНАСС жүйесіне 191000 шақырым биіктіктегі геоорталық-
ты орбитада 11 сағат 15 минутта бір рет толық айналып шығатын
ғарыш аппараты қолданылады. Ғарыш аппараттың бортын-
да атомдық стандартты жиілікте жұмыс істейтін орбиталық
шоғыр
лармен шағылысатын эталонды электронды уақыт пен
жиілі к ті қолдану жүйеде радиосигналдарды өзара синхрондау
қамтамасыз етіледі.
Қозғалыстағы нысан 4-тен кем емес радио көрінетін
жерсеріктерінен сигнал қабылдап, оны 4-тен кем емес жалған
қашықтық пен жалған жылдамдықты өлшеу үшін қолданады.
Өлшеу нəтижелері мен «эфемеридті ақпарат» əр ғарыш аппаратта-
рынан қабылдайды. Өлшеу нəтижелері үш координат пен жылдам-
дықтың сəйкес келетін үш векторын, сонымен қатар, ғарыш
аппараттарының уақыт шкаласына қатысты алғанда нысан ның
уақыт шкаласының ығысуын анықтауға мүмкіндік бе ре ді.