Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Жерсеріктік ғарыштық электронды навигациялық



Pdf көрінісі
бет275/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

8.4. Жерсеріктік ғарыштық электронды навигациялық 
құралдардың көмегімен бағдарлау
Тұтынушының ғарыштық электронды навигациялық 
құралдары туралы түсінік. 
Жерсеріктік навигациялық 
жүйелердің көмегімен нысандардың координатын сызықтық 
белгілеуді құру əдісімен анықтайды. Белгілі координаттары бар 
нысаналау қондырғысы ретінде навигациялық жер серіктіктері, 
ал координатты өлшеу құралы ретінде антенасы бар электрон-
ды есептеу қабылдағышы (блогы) қолданылады. Шағын антена-
мен Жердің жасанды серіктерінен біршама əлсіз сигналдың өзін 
қабылдай алатын микрокомпьютерлер мен радиоэлектрониканың 
заманауи озық технологияларын енгізу аталған əдісті іс жүзінде 
пайдалануға мүмкіндік берді.
Қазіргі GPS-қабылдағыштардың өлшемі микрокалькулятор-
лар 
дың өлшемдерінен аспайды. Кері белгілеулерді шешуді 
қамтамасыз ету үшін Жер маңы орбитасында жасанды Жер 
серіктерінің саны 18-ден кем болмауы тиіс. Мұндай сан Жер 
шарының кез-келген нүктесінен бір мезетте кем дегенде 4 Жер 
серіктерінің бақылауына мүмкіндік береді. Жердің жасанды 


323
серіктерінің талап етілетін кеңістіктік координаттарының тұрақ-
тылығы мен жоғары дəлдігі олардың орбитасын тұрақты бақылап 
отыратын жер үсті бекеттері қамтамасыз етеді. Өйткені жер үсті 
бекеттерінің үстінен Жердің жасанды серіктері бір тəулікте екі рет 
өтеді. Позициялайтын Жер серіктік жүйелердің артықшылығына 
ғаламдығы, жеделдігі, кез-келген ауа райында жүргізілуі, оңтайлы 
дəлдігі мен тиімділігі жатады. Олар геодезияда, картография-
да, географияда, жерді орналастыруда, ауыл шаруашылығында, 
авто-, əуе-, теңіз навигацияларында, т.б. салаларда қолданылады. 
«Magellan», «Ashtech», «Rockwell», «Trimble Navigation» (АҚШ), 
«Leica Geosystems» (Швейцария), «Carl Zeiss» (Германия) 
сыияқты көптеген фирмалар ГАЖ деректер жинауға бағытталған 
арнайы позциялау қабылдағыштарын шығарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет