363 10.3 сурет. Геодезиялық тордың белгілері
Орталықтар мен реперлердің орнатылу тереңдігін анықтау
үшін тау жыныстарының маусымдық қатуы, көпжылдық тоң
мен сусымалы құм шағылдар, жартастар, қорым тастар мен
батпақтар таралған аймақтар көрсетілген аумақты аудандастыру
картасы құрылған. Құрылыстар салынған аумақтарда мемлекеттік
геодезиялық тордың қосындары ғимараттардың қабырғасы мен
іргетастары да бекітіледі.
Бұрынғы КСРО-ның мемлекеттік геодезиялық мекемелері
1984–1993 жылдар аралығында американдық жер серіктік по-
зициялау жүйесінің бірінші ұрпағы TRANZIT-тің көмегімен 162
қосыннан тұратын