Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


мемлекеттік нивелирлік тор



Pdf көрінісі
бет315/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

мемлекеттік нивелирлік тор
бүкіл ел аумағында біртұтас 
биіктік жүйесін түзеді. Биіктіктік тор төменде көрсетілген үш 
міндетті шешеді:
– барлық қосындарға бірыңғай биіктікті есептеу жүйесін 
енгізу;
– мемлекеттің жағалауын шайып жатқан теңіздер мен 
мұхиттар деңгейінің бірдей екенін анықтау;
– жер бетінің тік бағыттағы қозғалысын оқып-үйрену.
Қазақстанда мемлекеттік биіктік қосындарының торын 
қалыпты биіктік жүйесі мен Кронштадт футштогының нөл 
деңгейіне қатысты Балтық теңізінің көп жылдық орташа деңгейін 
көрсететін металл тақтадағы сызықпен анықтайды. 
Мемлекеттік нивелирлік тор жоспарлы сияқты «үлкеннен 
кішіге, жалпыдан жекеге» қағидасымен құрылып, оның құрамына
І, ІІ, ІІІ жəне ІV дəлдіктегі кластар кіреді. І жəне ІІ класты тор-
лар басты биіктіктік негіз; ал, ІІІ жəне ІV кластар инженерлік 
міндеттер мен топографиялық түсіру қызметін атқарады. Барлық
кластардағы торлар геометриялық нивелирлеу əдісімен құрылады. 
І жəне ІІ класты нивелирлеу желілері географиялық орындары


365
ғылыми негізделген жəне жоғарыда аталған міндеттерді ше-
шуге сəйкес келетін жолдардың бойында жүргізіледі. Жоғары 
дəлдікке қол жеткізу үшін нивелирлік желілері теміржолдардың, 
қатты төсенішті жəне тас төселген автомобиль жолдарының, 
қолжетімділігі қиын жерлерде соқпақ жолдардың, қыстаулардың, 
үлкен өзендердің бойын бойлай жүргізіледі. Əлеуетін күшейтіп 
жаңғырту, жер қыртысының қозғалысы туралы деректер алу 
жəне тік бағыттағы ығысу карталарын құру мақсатында І кла-
сты нивелирлеу желілерінің барлығында, ІІ класты нивелирлеу 
желілерінің көпшілігінде əр 25 жыл сайын қайта нивелирлеу 
жұмыстары жүргізіледі.
ІІ класты желілерді нивелирлеу І класты қосындарға негіз-
деледі жəне периметрі 500-600шақырым алаңдар (полигондар) 
түзеді. Ал ІІІ класты нивилирлеу желілері І жəне ІІ класты 
қосындардың аралығында жүргізіледі. ІІІ класты алаңдардың 
(полигондардың) периметрі 150шақырым шамасында, ал қол-
же 
тімділігі қиын аудандарда 300 шақырым болады.Одан əрі 
жиілендіру жүріп өту ұзындығы 50 шақырым аспайтын, қосын-
дардың жиілігі топографиялық түсірулердің масштабына жəне 
басқа да талаптарға байланысты болатын жиілігі ІV класты ни-
велирлеу желілерін құру арқылы жүзеге асырылады [10.2-кесте]. 
10.2-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет