Трилатерациясызбанұсқасы бойынша триангуляцияға
ұқсас бірақ мұнда арақашықтық өлшегіштердің көмегімен
қателіктері 1:400 000-нан аспайтын сызықтардың барлық үш
бұрыштарын өлшеп алып, содан соң олардың координатта-
рын есептеп шығарады. Алыстағы қол жету қиынға соғатын
геодезиялық қосындардың координаттарын жердің жасанды
серіктерінің көмегімен бақылау жүргізу арқылы анықтайды.
Ол үшін қазіргі кезде
ғарыштық триангуляция əдісін қолдана
отырып, жұмыстар жүргізетін біртұтас ғарыштық геодезиялық
тор құрылған. Белгілі координаттар бойынша бекеттерден
бақылау жүргізу арқылы сол сəттегі жердің жасанды серігінің
жағдайын анықтайды. Ғарыштық бекеттен бақылау барысында
белгісіз жəне жердің жасанды серігінен алынған белгілі болған
координаттардың көмегімен орнын анықтайтын бекеттердің ко-
ординаттарын табады.
Жоспарлы геодезиялық қосындарды белгілеп, жергілікті
жерде бекіту үшін
геодезиялық белгілер деп аталатын жер
астындағы қондырғылар мен жер бетіндегі құрылыстар
тұрғызылады. Олар жергілікті жерде биіктіктік, теодолиттік,
тахометрлік түсіру жұмыстары кезінде жоғары дəлдікпен
өлшеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Триангуляция
мен полигонометрияның жер бетіндегі белгілері геодезиялық
құралдарды бекітетін штатив сонымен қатар көршілес жатқан
қосындардың көрінуін қамтамасыз ету қызметін атқарады.
Геодезиялық қосындар жер бетінде өзара көрінген жағдайда,
биіктігі 6-8 метр болатын тек бетон бағана немесе қарапайым пи-
рамида орнатады. Үлкен биіктікке қосарланған пирамида жəне
геодезиялық белгібергіш орнатады [10.3-сурет].