Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Физикалық (Барометрлік) нивелирлеу



Pdf көрінісі
бет356/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Физикалық (Барометрлік) нивелирлеу. 
Физикалық ни-
велирлеу теңіз деңгейінен биіктеген сайын атмосфералық 
қысымның өзгеру заңдылықтарына негізделген. Нивелирлеу ба-
рысында атмосфералық қысымды өлшеу мəліметтері бойынша екі 
нүктенің бір-бірінен өзара биіктігі анықталады, бұл барометрлік 
нивелирлеу деп аталады. 
Барометрлік нивелирлеу жергілікті жердегі нүктелердің абсо-
лют тік биіктігін жылдам анықтауға, сонымен қатар таулы аймақ-
тарда жəне өте қатты тілімденген жер бедерін түсіруге мүмкіндік 
бе ре ді.
Метеорологиялық жағдайды ескере отырып, атмосфералық 
қысым айырмасына сəйкес бір-бірінен онша қашық емес екі 
нүктенің биіктік айырмасын анықтауға болады. Бұл мақсатта 
барометрлік биіктік сатыларды немесе биіктік бойынша екі 
нүктенің метр есебімен алынған арақашықтығы қолданады. 
Өйткені ауаның сиреуіне сəйкес теңіз деңгейінен əр 10 метр 
биіктеген сайын атмосфералық қысым 1 мм төмендейді.
Ватерпастау
 
өлкетану жəне мектептің далалық тəжірибе 
жұмыстарында кеңінен қолданылатын қарапайым геометриялық 
нивелирлеудің түрі болып табылады. Биіктігі 1 метр бола-
тын, түзулігін анықтауға мүмкіндік беретін ауырлық салмақ 
ілінген тіктеуіш (мектеп нивелирі) сантиметрге бөлінген екі 
метрлік 2 түзу тақтай жəне ұзындық өлшегіш таспа немесе 
рулетка қолданылатын жергілікті жерде жүргізілетін түсіру 
жұмыстарының бұл түрі жыралар мен жылғаларды, төбенің тік 
беткейлерін нивелирлеуге өте қолайлы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет