Картографиялық анимация – динамикалық бірізділікті сақтай от-
ырып кескінделетін нысандар мен құбылыстардың динамикасын, эволю-
циясын, олардың уақыт пен кеңістікте таралу қарқынын компьютердің
экранында көрсететін электронды карталар. Анимациялар жазық немесе
көлемді стереоскопиялық болуымен қатар фотобейнемен де үйлесуі тиіс.
Картаның коммуникативтілік қызметі – географиялық картаны де-
рек көзі ретінде пайдалана отырып ақпараттың берілуін жүзеге асыру.
Картаның жеделдік қызметі – географиялық картаның көмегімен
навигациялық, жол құрылысын салу басқа да тəжірибелік есептер шығару
мақсатына пайдалану мүмкіндігі.
Картаның болжамдық қызметі – оқып үйренетін құбылыстардың
болашақтағы дамуын анықтау мүмкіндігі.
Картаның болжамдық қызметі – өндіріс пен ғылымның əртүрлі сала-
ларында жəне мектеп оқушылары мен студенттердің білім алу мақсатында
пайдалануы.