Картографиялық тор – Жер элипсоидындағы, шардағы немесе
глобустағы меридиандар мен параллельдер торы.
Картаны басып шығаруға дайындау – басып шығару түпнұсқасы
мен баспа қалыптарын алудан тұратын картаны басып шыңару
технологиясының кезеңі. Басып шығару түпнұсқасын алу үшін құрылған
түпнұсқадан қағазда немесе арнайы жылтыр металл табақшаға жарық
өтпейтін нақышты қабатты көгілдір көшірмелер дайындалады. Оларға кар-
та мазмұнының құрамдас бөліктері жоғарғы дəлдіктегі кестепен қағазға
сызылады немесе металл табақшаға нақышталады.
Кипригель – тірек нүктелерінің бұрыштарын нысаналап, тік
бұрыш тарын өлшеуге арналған прибор. Кипригельдің екі түрі кеңінен
қолданылады. Олар біршама қарапайым КБ жəне КА-2 кипригель-автомат.
Кипригельдің көмегімен тірек нүктесіне қойылған қашықтық өлше-
гіш сызғышты нысаналайды да, көлденең жəне тік бұрыштары мен ара-
қашықтығын өлшейді.