453
Номограммалар
– картографиялық бұрмалануды анықтау үшін
тораптық нүктелері алдын-ала есептеп алынған кесте. Бұрмалану
көрсеткіштері дүниежүзінің карталарында жоғары болады.
Нөлдік бұрмалану
– картаның бетіндегі
картографиялық
бұрмалану
болмайтын нүктелер. Кезкелген проекцияда бұрмаланудың жекелеген
түрлері немесе барлығы болмайтын нүктелер мен сызықтар (сызықтар
жүйесі) болады. Оларды нөлдік бұрмалану нүктесі
немесе сызығы деп
атайды. Бұрмалану нөлдік бұрмалану нүктесінен (сызығынан) алыстаған
сайын артады.
Нивелирлеу
– жергілікті жердің топографиялық
бетінің биіктік сипа-
тын анықтау мақсатындағы кешенді түсіру жұмыстары.
Достарыңызбен бөлісу: