Математикалық-картографиялық үлгілеу – картадан алынған
деректер бойынша үрдістер мен құбылыстардың алуан түрлі кеңістік
пен уақыттың ақпараттарын терең əрі жан-жақты зерттеу мақсатында
математикалық əдіспен құрылған үлгілері. Математикалық үлгіні одан ары
картографиялыққа айналдыру зерттеудің аралық жəне соңғы нəтижелерін
көрнекі əрі кезең-кезеңімен көруге, оның дəлдігі мен дұрыс географиялық
түрленуін анықтауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік нивелирлік тор – барлық геодезиялық жұмыстар мен
топографиялық түсірулерге негіз болатын ғылыми-тəжірибелік мақсатта
құрылатын бүкіл ел аумағында біртұтас биіктік жүйесін түзетін геодезиялық
тор.