175
ғылыми танымның алуан түрлі тəсілдерін
картографиялық
зерттеу əдістері
дейміз. Танып білудің құралына картадан
үрдістермен құбылыстардың сапалық қасиеттері мен сандық си-
патын, геожүйедегі өзара байланыстары мен өзара тəуелділіктерін
оның динамикасы мен уақыт пен кеңестіктегі эволюциясы,
қазіргі кездегі даму үдерістерін анықтап, болашақ геожүйелердің
жағдайын болжау кіреді.
Картографиялық əдіс құбылыстардың кеңістіктікте ор-
наласуын,
олардың өзара байланысын, тəуелділігі мен даму
заңдылықтарын зерттеу үшін қолданылады. Оны пайдану бары-
сында караларды талдау жəне өңдеудің төмендегідей тəсілдерін
атап өтуге болады:
1. Өту арқылы картада кескінделген құбылысты ойша талдау;
2. Құбылыстардың тік бағыттағы құрылымын көрнекі түрде
көрсетуге мүмкіндік беретін карта бойынша көлденең қима-
сызба, қима,
блок-диаграмма, əртүрлі кестетер мен диаграмма-
лар тағы басқаларды құру;
3. Карта бойынша қажетті нысандардың географиялық коор-
динатын, ара қашықтықтығын,
ұзындығын, биіктігін, ауданын,
көлемін,тағы басқа көрсеткіштерін анықтау жұмыстары;
4. Карта бойынша дақылдардың өнімділігі, халықтың тығыз-
дығы сияқты біртекті құбылыстар
мен олардың орнала суын, уа-
қыт ішіндегі өзгеруін, белгісіз байланыстарын, соны мен қатар, тə-
уел ділік коэффицентінің көмегімен əртүрлі құбылыстардың ара-
сын дағы байланыстардың нышандары
мен тығыздығын анық тау
үшін қолданылатын математикалық-статистикалық талдау лар;
5. Нақтылы бір зерттеулерге қолдануға арналған ыңғайлы кар-
талар алу үшін карталарды түрлендіру;
6. Картаграфиялық өнімдерді түрлендіру арқылы танымның
жаңа құралын алу мақсатында нақтылы нысандардың,
құбылыстар
мен үрдістердің кеңістіктік үлгісін құру, талдау жүйесі ретінде
түсінуге болатын картографиялық үлгілеу.
Қазақстан Республикасы аумағындағы негізгі өзендердің
картографиялық үлгісін құру, алдыға қойған мақсатқа жету үшін
өте қажет болды. Өйткені бірнеше өзеннің бастауынан сағаға
дейінгі барлық ұзындығындағы кешенді көрсеткіштеріне сүйеніп
судың сапасын табиғатта тікелей анықтау мүмкін емес.
176
Синтездік карта нышанындағы үлгіні құру үшін барлық кеңістік
уақыттық үлгілерге қойылатын талаптарға сəйкес
құбылыстың ішкі
құрылымын қиып алып тастауға тура келді. Соның нəтижесінде
қосымша талдау карталарды құруға тура келді.
Бізді қоршаған орта құбылыстарын картографиялық əдіспен
та нып білудің төмендегі кездерін сызба-нұсқа түрінде көрсетуге
бо ла ды:
- бізді қоршаған шындықты бақылау арқылы картаға түсіруге
қажетті ақпараттар алу;
- өңделген ақпараттардың негізінде картаны құру;
- жаңа қосымша ақпарат алу мақсатында картографиялық
əдіс
ке тəн тəсілдер жүйесін
қолданып, карталар мен карталар
жүйе сін оқып-үйрену;
- Картографиялық зерттеу əдістерін пайдалану нəтижесінде
алынған жаңа ақпараттарға негізделіп қажет болғанда жаңа
картографиялық өнімдер карталарды, көлденең қима-сызба,
кестелерді оқып-үйренуді қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: