235
«Еуропалық Ресейдің шаруашылықтық-статистикалық атла-
сын» (1851ж.) жатқызуға болады. П. П.
Семенов-Тян-Шанский
экономикалық жəне халықтар карталарын, В. В. Докучаев
топырақ карталарын құрудың негізін қалады.
Ресей картография өндірісіндегі маңызды жетістіктердің бірі
орыс
шаруаларын Орта Азияға, Қазақстан мен Сібірге, Қиыр
Шығысқа қонысаудартуға байланысты 1914 жылы Қоныстандыру
басқармасы шығарған «Азиялық Ресейдің атласы» болды. 1884
жылдан бастап картография Д. Н. Анучин география кафедра-
сында университеттік картография пəнін енгізеді. ХІХ ғасырдың
соңында картографияның дамуына Орыс география қоғамы
зор үлес қосты. Олар ұйымдастырған көптеген экспедициялар
нəтижесінде жиналған орасан зор материалдар карталар мен ат-
ластар құру барысында қолданылды. ХІХ жəне ХХ
ғасырлардың
аралығында қалыптасу үрдісі мен картография мен географияның
байланысы жөніндегі анықтамалар күшейді.
К. А. Салищевтің көзқарасы бойынша өз алдына дербес ғылым
ретінде картография жаңа кезеңде қалыптасты. Өйткені В. Н.
Татищевтің анықтамасы бойынша картография математикалық
география ретінде физикалық жəне
саяси география сияқты
географияның құрамында болған.
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Ресейде
картографияның дамуына əскери геодезист профессор Василий
Васильевич Вятковский зор үлес қосты. 1898 жылы оның три-
ангуляциялау барысында жүргізілетін
есептеуге негіз болатын
«Практикалық геодезия», 1904 жылы əскери топографтарға
арналған «Топография», 1907 жылы картографиялық проекция-
лар туралы іргелі еңбегі «Картография» оқулықтары жарық көрді.
Достарыңызбен бөлісу: