313
– ормандар мен қалың бұталар, бау-бақша сияқты өсімдік
жамылғысының басқа түрлері-жасыл;
– өзен, бұлақ батпақ, көл-көк;
– жолдар – қоңыр;
– елдімекендер қара;
– жер бедері – ашық қоңыр түс.
Карталарды көтеру жергілікті жерді оқып-үйренумен қатар
жүреді.
Карталарды қаттау. Жергілікті жерде картамен жұмыс істеу
жеңіл болу үшін оларды қаттайды. Қаттау карталарды көтергенге
дейін де, кейін де жүргізіле береді. Үйдің ішінде жұмыс істеу
үшін карталарды қабаттап жинайды. Алдымен ұзыннан созылған
бағытын, содан соң түзілген жолақтарын жинайды.
Достарыңызбен бөлісу: