Өзен ағысының жылдамдығына сай арнасының табанында түзілетін шөгінді жыныстардың сипаты Ағысының жылдамдығы м/с
есебімен
Арнаның табанына шөгуге тиісті
шөгінді тау жыныстары
0,1-0,2
құм қайраң
0,2-0,5
құм
0,5-1,0
ірі түйіршікті құмдар
1,0-1,5
тығыздалған саз қиыршық тас
1,5 жоғары
ірілі-ұсақты малта тастар
Топырақпен өсімдік жамылғылары . Картадан топырақ
пен өсімдіктер жамылғысын оқып-үйрену барысында өтуге,
бақылауға, тығылуға мүмкіндік беретін жергілікті жердің
орманды-бұталы алқаптарға, батпақтар мен сортаңдардың,
құмдар мен қорымдардың сипатына талдау жасалады.
Батпақтардың сипатын шартты белгілердің сызықтарына
қарап анықтайды. Бірақ оның өту мүмкіндігін анықтағанда жыл
мезгілі мен ауа-райының сипатын ескеру қажет. Картадағы өтуге бо-
315 латын батпақтар жауын-шашынды кезеңдерде өткел бермейді. Ал
өтуге қиын батпақтар қыста қатты аязды күндері жеңіл өткел бе руі
мүмкін.